Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12654755
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
9648
17782
113704
12290016
348920
367470
12654755

Сіздің IP: 3.239.206.191
Уақыт: 2024-03-29 20:32:46

Оқушылар сарайы облыстың ең талантты спикерлерін таңдап алды

Дворец школьников выявил самых талантливых спикеров области Дворец школьников выявил самых талантливых спикеров области
Дворец школьников выявил самых талантливых спикеров области Дворец школьников выявил самых талантливых спикеров области

«Алтын микрофон-2016» жүргізушілер байқауының финалисттері 2016 жылдың 2 қарашасында Оқушылар сарайының үлкен залында өз өнерлерін ортаға салды.  Қазылар алқасы үздік сөз шеберін, тапқыр ұйымдастырушыны, ұшқыр ойлы спикерді бағалай алды. Дипломанттар бағалы сыйлықтарға ие болды.

2016 жылдың 30 қазан күні бірінші іріктеу кезеңінің қортындысы бойынша 25 адам финалға өтті. Олар павлодарлық  №№ 7, 9, 18, 22, 35, 41 ЖОМ-нің оқушылары және Екібастұз, Баянауыл, Ақтоғай, Павлодар ауданы мен Қашыр аудандарының оқушылары еді. Олар жалпақ жұрттың алдыңда Оқушылар сарайының үлкен залында өнер көрсетті. Кіші топтың қатысушылары көрермендерге аңыз айтса, ал үлкен топтың үміткерлері – залда отырған көрермендермен жұмыс жасау қабілеттерін паш етті. Берілген тапсырманы барлық үміткерлер орындап шықты.

Кіші жас ерекшелік категориясында дикциясы мен сөйлеу мәнерінің шеберлігімен I-ші орынды  №41 ЖОББМ-нің оқушысы Ольга Берг жеңіп алды. Екібастұз ауданы Атығай мектебінің оқушысы Махаббат Едыгинова мен Павлодар ауданы Мичурин ЖОМ-нің оқушысы Қымбат Айгозина екінші орынды бөліп алды. Павлодар ауданы Красноармейка ЖОМ-нің оқушысы Еламан Қабдолла, Екібастұз қаласы №1 мектеп-лицейінің оқушысы Дарья Гаврилова,  Павлодар қаласы № 35 ЖОМ-нің оқушысы Балнұр Қошматова үшінші орындарға ілікті.

Жоғары жас ерекшелік категориясында Павлодар ауданы Ямышев мектебінің оқушысы Серікбол Болатхан I-ші орынға қол жеткізді. Қазылар алқасы бұл қатысушының дауыс мәнерінің шеберлігін аса бағалады. Екінші орынды №36 ЖОМ-нің оқушысы Никита Артемов пен Павлодар ауданы Мичурин ЖОМ-нің оқушысы Алина Фонарёваиеленді. III-ші дәрежелі дипломанттар – Қашыр ауданы Оқушылар үйінің тәрбиеленушілері Аня Адарченко, Павлодар қаласы №18 ЖОМ – нің оқушысы Сергей Аксёнов, Ақтоғай ауданы өнер мектебінің тәрбиеленушісі Алтынай Сарсенбаевалар атанды.

 

Түсініктемелер қосу