Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12653895
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
8788
17782
112844
12290016
348060
367470
12653895

Сіздің IP: 54.242.96.240
Уақыт: 2024-03-29 18:21:22

«Халық мұрасы» облыстық фестиваль –сайысының соңғы кезеңі өтті

  «Халық мұрасы» облыстық фестиваль –сайысының соңғы кезеңі өтті «Халық мұрасы» облыстық фестиваль –сайысының соңғы кезеңі өтті

2014 ж. 19 ақпанында Оқушылар сарайы көркемдік бөлімінің ұйымдастыруымен «Халық мұрасы» облыстық фестиваль – сайысының соңғы кезеңі өтті.

Фестивальға 8 ұжым қатысты, олардың ішінде №4 ЖОМ-нің «Домбыра дастан» ансамблі, №19 мектебінің «Мұрагер», «Көңіл ашар» ұжымдары, №25 мектептің «Домбыра сазы» ансамблі, «Жас дарын» мектебінің «Мұрагер» ансамблі, №40 ЖОМ-нің «Жас толқын» тобы, Кенжекөл мектебінің «Балауса» ұжымы, Қ.Б. Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінің «Достық» домбыра ансамблі.

Қазылар алқасы құрамына Құрманғазы атындағы балалар музыкалық мектебінің ұстаздары мен Оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогтары кірді.

  «Халық мұрасы» облыстық фестиваль –сайысының соңғы кезеңі өтті «Халық мұрасы» облыстық фестиваль –сайысының соңғы кезеңі өтті

Қатысушы ұжымдар екі шығарма орындап шықты. Ансамбль репертуарларында Тәттімбеттің, Құрманғазының, А. Райымбергеновтың, А. Желдібаевтің, С. Тұрысбековтың күйлері және халық күйлері болды.

Фестиваль қорытындысы бойынша 1 орынды «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің «Мұрагер» ансамблі иеленді.

2 орынды екі ұжым бөліп алды, олар Кенжекөл мектебінің «Балауса» ұжымы және №4 ЖОМ-нің «Домбыра дастан» ансамблі, 3 орынға Қ.Б. Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінің «Достық» домбыра ансамблі мен №25 мектептің «Домбыра сазы» ансамблі ие болды.

Жалпы фестивальға қатысушылардың саны 360 адам болды.

Түсініктемелер қосу