Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12645064
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
17739
29268
104013
12290016
339229
367470
12645064

Сіздің IP: 18.232.188.122
Уақыт: 2024-03-28 23:56:04

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Менің Қазақстаным – менің болашағым»

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Менің Қазақстаным – менің болашағым» Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Менің Қазақстаным – менің болашағым»

12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай М.М.Катаев атындағы Павлодар облыстық Оқушылар сарайының үлкен залында қала мектептерінің оқушылары үшін «Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты мерекелік концерт өткізілді.

 

Тәуелсіздік күні қарсанында Оқушылар сарайының сахнасында тәрбиеленушілер Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілікті ән, би, күй арқылы жеткізді. Концерттің жүргізушілері мерекенің маңызы туралы баяндады, «Тәуелсіздік»сөзінің тарихы мен мағынасын аша білді. Көрермендер Отамыздың жүрегі – Астана жайлы бейнеклип тамашалады. Концерттік бағдарламаға Оқушылар сарайының ең үздік ұжымдары қатысты - «Арман-шоу» театр-студиясы, «Свет звезды»үлгілі ән театр студиясы, «Жас даурен»вокал студиясы, «Музыкальный квартал» эстрадалық вокал студиясы, «Дебют»авторлық студиясы, хореографиялық ұжымдар: «Вдохновение»үлгілі би ансамблі, «Блэйз»үлгілі би студиясы және «Анастасия» спорттық-би клубы.

Бұл мерекеге Оқушылар сарайының көп ұжымы арнайы жаңа көркем номерлер дайындапты,жалпы концерттік бағдарламада 16 номер орындалған болатын. Шығармалар екі тілде болды. Сахна төрінде ересектермен қатар жасы кішкентай балалар да өз өнерлерін көрсете білді. Тәуелсіздік күніне арналған концерттік бағдарлама мынадай сөздермен аяқталды: «Шаңырағың биік, босағаң берік болсын, керегесі кең, терезесі тең болсын».

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Менің Қазақстаным – менің болашағым» Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Менің Қазақстаным – менің болашағым»

Концертке педагогикалық еңбектің ардагерлері, «Самал»облыстық сауықтыру орталығының тәрбиеленушілері қатысты. «Ровесник» қоғамдық клубының балалары Самал Сагатқызы Сулейменованың басшылығымен қонақтарды мемлекеттік мейраммен құттықтап, оларға денсаулық, қажымас қайрат тіледі.

Мүмкіндігі шектеулі 20 балаға ескерткіш ретінде өз қолдарымен жасаған шыршаларды табыс етті.Қала мектептерінің және «Самал» сауықтыру орталығының мұғалімдері Оқушылар сарайының тәрбиеленушілеріне жақсы концерт үшін өз ризашылығын білдірді. Оқушылар сарайының қызметкерлеріне де алғыстары шексіз, себебі олар дарынды балаларға сахнада өз қабілеттерін ашуға мүмкіндік беріп,олардың қуат-күштеріне дұрыс бағыт көрсете біледі.

Түсініктемелер қосу