Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12650854
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
5747
17782
109803
12290016
345019
367470
12650854

Сіздің IP: 34.238.242.168
Уақыт: 2024-03-29 11:47:30

Облыстық спартакиада басталды!

Облыстық спартакиада басталды! Облыстық спартакиада басталды!

20 ақпан күні М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында оқушылар арасында 14-ші облыстық қысқы спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ол Ұлы Отан соғысының 70-жылдығына арналып, спорттың сегіз түрі бойынша өткен болатын. Олар: президенттік көпсайыс, шаңғы жарысы, шайбамен хоккей, қысқы спорттық бағдар, оқпен ату, үстел теннисі, дойбы,шахмат.

Спортакиадаға Павлодар облысының барлық қалалары мен аудандары қатысады.

Шақырылған қонақтардың ішінде облысымыздың құрметті адамдары болды: Павлодар облысы білім басқармасының бастығы Бақыт Мақанқызы Бексеитова, ҚР еңбегі сіңірген бапкер Виктор Тихонович Кольев, ПМПИ-нің педагогика ғылымының кандидаты, алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесінің әдістемесі мен теориясы кафедрасының меңгерушісі Валентина Ильинична Лебедева, мәдениет және спорттың құрметті қайраткері Лев Лазаревич Акопов және тағы да басқа атақты спортшылар болды.

Облыстық спартакиада басталды! Облыстық спартакиада басталды!

Спорт ардагерлері ҚР-нің еңбегі сіңірген бапкері Виктор Тихонович Кольев, және Павлодар облысы күрес бойынша бірінші спорт шебері Амантай Сапаргалиұлы Айтмагамбетов қатысушыларға жаңа белестерді бағындыруда сәттілік және жеңіс тіледі.

1998 жылы Наганода өткен қысқы олимпиада ойындарының конькиден қола жүлдегері, ҚР-нің еңбегі сіңірген спорт шебері, атақты Людмила Вячеславовна Прокашева тілек сөздерін айтты.

Осы күні Оқушылар сарайының ұжымдары шағын концерттерімен спортшылардың алдыңда сахнада өнер көрсетті.

Түсініктемелер қосу