Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12644720
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
17395
29268
103669
12290016
338885
367470
12644720

Сіздің IP: 3.230.76.153
Уақыт: 2024-03-28 23:13:32

Оқушылар сарайының әдіскері 500-беттік кітапты жарыққа шығарды

500-страничную книгу выпустила методист областного Дворца школьников 500-страничную книгу выпустила методист областного Дворца школьников
500-страничную книгу выпустила методист областного Дворца школьников 500-страничную книгу выпустила методист областного Дворца школьников

2016 жылдың 22 қыркүйегінде М.М.Катаев атындағы павлодарлық Оқушылар сарайында «Пионерлер қатарынан «Жас Ұланға дейін» атты кітаптың тұсау кесері өтті. Іс-шара бұрынғы пионерлер, комсомол жұмысшылары, әр жылдардың аға тәлімгерлері,қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мұражай және кітапхана өкілдері қатысты.

Бұл бірегей 500-беттік көркемделген сыйлық форматындағы кітапты М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының қырық жылғы тәжірибесі бар, жоғары санатындағы әдіскері, 70-ші жылдардың аға тәлімгері, педагогика еңбегінің ардагері, Қазақ ССР-нің үздігі Вера Саттарқызы Шакиримова шығарған еді.

Бұл автордың бірінші кітабы емес: 2013 жылы Павлодар Ертіс өңірінің 90-жылдығына және «Юность» аға тәлімгерлердің 50-жылдығына оқырман қауымға «Юность» с нами навсегда» атты кітабының тұсауын кескен.

Вера Саттарқызы өзінің «Пионерлер қатарынан «Жас Ұланға дейін» атты жаңа-жылнамалық кітабында алғашқы Пионер отрядтары ұйымдастырушылардың туралы Павлодар облысының жаңашыл ұйымдардың, сондай-ақ Павлодар және Ертіс ауданының тарихы пионерлер қатарын әңгімелейді, және Ұлы Отан соғысы жылдарында пионерлердің қызметтері туралы баяндап, павлодарлық «көгілдір көйлек» жайлы хабар береді.

20-30 жылдардың комсомолдарымен және пионерлер туралы тарихы құнды деректер осы кітаптан оқуға болады. Аталмыш кітаптың біраз беттерінде 1965 жылдың Павлодардағы аға тәлімгерлердің алғашқы педагогикалық сыныптарына арналған. Қазіргі таңда олар әлі де бас қосып, облыс және республика көлемінде өте танымал. Кітаптың ең үлкен бөлімі 70-80 жылдардың пионер ұйымдарының қызметіне арналған. 80-ші жылдардағы Павлодар облысының пионер ұйымдарының ең үздік ұйымдары аталған.

Автор бұл кітапта облыстың Пионерлер үйі туралы, балалар қозғалысының орталығы болған облыстық Пионерлер және Оқушылар сарайы жайлы, сонымен қатар пионерлер лагерлері, олардың ұйымдастырушылар және тәлімгерлері туралы сөз етеді.

Бұл кітапта сондай-ақ 2012 жылға дейін жарты ғасыр жұмыс жасаған «Факел» пионерлер қалалық штабы жайлы сөз қозғалады.

Осы штабтың құрылуына өз үлесін қосқан, дем беріп бастамашы болған, алған қалалық пионерлер үйінің (1963 – 1970 ж.ж. арасында) директоры болған Дегтяренко Раиса Платоновна еді. «Факел» штабы қала және облыс көлеміндегі пионерлер қызметінің үйлестірушілері болды. Олар; парадтар, акциялар, операциялар, салтанатты жиындар, пионерлер қатарларының жұмыс қортындылары, балалардың жазғы демалыстарын ұйымдастыру және т.б. Бұл жасақтың әр жылдары өз жұмысына берілген шығармашыл адамдар болды, олар: Дегтяренко Раиса Платоновна, Анищенко Мария Антоновна, Орещенко Татьяна Григорьевна, Процкая Людмила Николаевна (Лезненкова Л.Н.), Минко Тамара Владимировна, Фирсова Надежда Ивановна Аталмыш кітап пионерлердің ең жарқын дәстүрлерін жалғастырып жүрген қазіргі таңдағы «Жас Ұлан» ҚБЖҰ-ның балалар қоғамдық қозғалысы туралы баяндайды.

Кітаптың мазмұныңда Павлодар облысының Мемлекеттік мұрағатының құнды материалдарымен және бағалы фотосуреттермен қамтылған.

Түсініктемелер қосу