Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12650314
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
5207
17782
109263
12290016
344479
367470
12650314

Сіздің IP: 3.235.120.15
Уақыт: 2024-03-29 10:46:55

Оқушылар сарайының бір топ педагогтары «ЭКСПО-2017» көрмесіне барып қайтты

Оқушылар сарайының бір топ педагогтары «ЭКСПО-2017» көрмесіне барып қайтты Оқушылар сарайының бір топ педагогтары «ЭКСПО-2017» көрмесіне барып қайтты
Оқушылар сарайының бір топ педагогтары «ЭКСПО-2017» көрмесіне барып қайтты Оқушылар сарайының бір топ педагогтары «ЭКСПО-2017» көрмесіне барып қайтты

Үстіміздегі жылы 10 маусымнан 10 қыркүйек аралығында Астана қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтетіні тек қазақстандықтар ғана емес бүкіл төрткүл дүние біліп отыр десек қателеспейміз. Егеменді еліміздің әлеуметтілігін көрсететін осындай шараның Қазақстанда өтуі біз үшін зор мақтаныш.

Оқушылар сарайының бір топ педагогтары «ЭКСПО-2017» көрмесіне барып қайтты Оқушылар сарайының бір топ педагогтары «ЭКСПО-2017» көрмесіне барып қайтты
Оқушылар сарайының бір топ педагогтары «ЭКСПО-2017» көрмесіне барып қайтты Оқушылар сарайының бір топ педагогтары «ЭКСПО-2017» көрмесіне барып қайтты

М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайының ұстаздар ұжымы маусымның 22-24 аралығында осы шараға қатысып, Халықаралық көрмені тамашалап қайтты. Ұстаздар қауымының айтуы бойынша «ЭКСПО-ның басты ғимараты – алдыңғы қатардағы технологиялар пайдаланып шар түрінде салынатын Қазақстанның ұлттық павильоны. «Сфера» басты объектіде мақсатты футуристік дизайнді бұзбай электр энергиясын өндіруге мүмкіндік беретін жаңа фотоэлектр технологияларды қолданады екен. Павильон желіден электр энергиясын тұтынуды төмендетуді қамтамасыз етеді. Сфераның тақырыптық тұжырымдамасы «Болашақ энергиясының мұражайы» ретінде беріледі. Сфера табаны маңында 5000 кв. м. аумақта екі негізгі аймаққа бөлінген Ұлттық павильон орналасады. Қазақстанмен танысу аймағы келушілерді Қазақстанның жер бедерімен, мәдениеті, тарихы, қазіргі жағдайы мен келешегімен таныстырады. «Жасампаз энергия» аймағында «жасыл экономика» тақырыбы бойынша отандық ғалымдардың үздік жобалары қойылыпты.

«Көрмеге әлемнің түкпір-түкпірінен келген шетел қонақтары, оның ішінде Кіші Азия, Афроамерикандықтар, Италяндықтар біздің ата-бабамыздан қалған қонақжайлығымызға, кең-байтақ еліміздің әсемдігіне, еліміздің еркіндігіне таң қалды, көрме өте әдемі, зәулім ғимараттарымен керемет екен, - деп өз ойымен бөлісті Оқушылар сарайының педагог-ұйымдастырушысы Самал Сүлейменова.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне Оқушылар сарайынан 40-жуық ұстаз қатысты.

Түсініктемелер қосу