Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12648532
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
3425
17782
107481
12290016
342697
367470
12648532

Сіздің IP: 44.200.40.97
Уақыт: 2024-03-29 07:25:34

«Үздік Ұлан 2014»

2014.05.19 03 «Үздік Ұлан 2014»

М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының үлкен залында 19 мамырда  Павлодар облысының білім беру басқармасымен бірлескен  қалалық, аудандық «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымдары көшбасшыларының «Үздік Ұлан» облыстық конкурсы өткізілді. «Жас Ұлан» конкурсы балалар-жасөспірімдер ұйымдарының жұмысын насихаттауға және көшбасшылық қабілеті бар жасөспірімдерді анықтауға бағытталды. Конкурсқа Ақсу, Павлодар, Екібастұз қалалары, Шарбақты, Май, Қашыр, Лебяжье, Ертіс, Успенка, Павлодар мен Железинка аудандарының 11 Ұланбасылары қатысты. Барлық қатысушылар  аудандық іріктеу кезеңінен өтті.Олар өз ұйымының жұмысы жайлы бейне-ролик түсіріп, тұсаукесер жасады,портфолио әзірледі.

2014.05.19 02 «Үздік Ұлан 2014»

Конкурс 3 сайыстан тұрды: «Визитка – тұсаукесер» сайысы бойынша үй тапсырмасын орындау, балалар-жасөспірімдер ұйымындағы өзінің қоғамдық жұмысын, әлеуметтік жобаларға қатысуы мен  жұмыс нәтижесін көрсетуі қажет; «Мен ұлы елдің азаматымын» сайысы біздің Республиканың Тәуелсіздігіне арналды; «Еркін микрофон» сайысы конкурс қатысушыларына өздерінің құрдастары-жасұланшыларға тілектері мен ойларын жеткізуге мүмкіндік берді.

«Үздік Ұлан» облыстық конкурстың жеңімпазы -  Беймурзинов Дәулет. Ол  Екібастұзға «Жас Ұлан» БЖҰ  ауыспалы кубогын алып кетті. 1 орынға Шарбақты ауданынан Құрманғазинова Наргиза ие болды, 2 орынды Лебяжье ауданының көшбасшысы Тілеген Көгершін  мен Ақсу қаласының көшбасшысы Каиржанова Адия бөлісті, 3 орынды Успенка ауданынан Иманқұлова Айнагүл мен Железинка ауданынан Пупкова Александра иеленді.

Түсініктемелер қосу