Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12654945
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
9838
17782
113894
12290016
349110
367470
12654945

Сіздің IP: 54.198.146.13
Уақыт: 2024-03-29 20:59:38

Жас журналистер жиыны

Жас журналистер жиыны Жас журналистер жиыны

Тамыздың соңғы күндері Баянауылда, Жасыбай көлінің маңында бүкіл Қазақстаннан жиналған жас журналистердің Республикалық Слеті өткізілді. Оқушылар сарайы «Қаламгер» үйірмесінің жетекшісі КибатоваС.Б. мен «Объектив» үйірмесінің жетекшісі Гречанова В:О. слеттің қатысушылары болды.

Ең басты мәселе – экология. Бахыт Асанова, Александр Вервекин, Ирина Волкова, Елена Вайберт Оқушылар сарайы («Детский пресс-центр» жетекшісі) секілді жоғары санатты мамандар өзекті сұрақтар бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті: табиғат туралы не жазу керек, бағдарламалар мен арнайы жобаларды ғаламторда қалай жүзеге асыруға болады. Журналистерден басқа экологияның әр түрлі жақтарынан маман деп саналатын тренелер шақырылды.

Қатысушылар экология тақырыбындағы материалды қалай дайындау керектігімен қатар алған білімдерді тәжірибе жүзінде дұрыс пайдалану мүмкіндіктері туралы ақпарат алды. Слет аяқталған соң облыстың жағдайын жақсарту мен осы тақырыпқа назар аударту мақсатында үздік арнайы жобаға сайыс өткізілетіні хабарландырылды.

Жас журналистер жиыны Жас журналистер жиыны

Біздің газет редакциясы да бұл тақырыпқа бей-жай қарай алмады. Сондықтан сіздерді «Дейін және кейін. Жақсартушылар» арнайы жобасына қатысуға шақырамыз.

Қатысу шарттары:
1.Өзіңіздің үйіңіздің, мектебіңіздің жанында жинастыратын орынды тауып алу.
2.Ол орынды жинағанға дейін суретке түсіру («дейін» жасалатын фото).
3.Жинақтау жұмысын жүргізу (ақтау, бояу, безендіру, ағаш отырғызу және т.б.).
4.Өз жұмысыңыздың нәтижесін суретке түсіру («кейін» жасалатын фото)
5.»Дейін» және «кейін» жасалған фотоларыңызды бізге жіберу. Міндетті түрде авторлардың есімдері және нені, қалай жақсартқандарыңыз туралы шағын әңгіме жазыңыздар.

Арнайы жобаға әрбір облыс тұрғыны қатыса алады. Өткізілу уақыты 2014 жылдың 1 қыркүйегінен 2014 жылдың 20 қазанына дейін.

Арнайы жобаның қорытындысын «Сенің әлемің-Твой мир» газетінің №20 (185) санынан көре аласыздар.

Өз жұмыстарыңызды Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды мекенжайына жіберіңіздер. Күтеміз.

Түсініктемелер қосу