Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12644188
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
16863
29268
103137
12290016
338353
367470
12644188

Сіздің IP: 54.210.83.20
Уақыт: 2024-03-28 22:19:52

Он саусағынан өнер тамған балалар

Он саусағынан өнер тамған балалар Он саусағынан өнер тамған балалар

25 ақпан күні М.Катаев атындағы Павлодар облыстық Оқушылар сарайында «Әлеуметтену мен шығармашылықтан – өмірлік және  кәсіби жолды анықтауға бетбұрыс» тақырыбы бойынша техникалық бағыттағы қосымша білім беру педагогтеріне және технология пәнінің мұғалімдеріне  арналған  облыстық семинар өтті.

Он саусағынан өнер тамған балалар Он саусағынан өнер тамған балалар

Семинар тақырыбы бойынша С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің психология және педагогика кафедрасының аға оқытушысы, психология магистрі Жүнісова Айгүл Райымбекқызы сөз сөйледі. «Оқушылардың зерттеу дағдысын дамыту бойынша педагогтің жұмыс жүйесі» бойынша баяндамасын Павлодар қаласының №41 ЖОББМ биология пәнінің мұғалімі Сафронова Валентина Антоновна дайындады. Павлодар қ,№9 ЖОББМГ технология пәнінің мұғалімі Қажикатов Жүніс Иманбайұлы, оқушылардың техникалық шығармашылық саласындағы құрылымдау және үлгілеудің маңызы туралы айтып берді.

Павлодар қ., №30 ЖОББМ педагог - ұйымдастырушысы Жетпісова Қарлығаш Қалимоллақызы, «Қиын» бала және оның өмірлік тағдырын анықтау» тақырыбы бойынша баяндамасымен сөз сөйледі.

Он саусағынан өнер тамған балалар Он саусағынан өнер тамған балалар

Тыңдаушылар келесі тәжірибелі педагогтардың шебер-сыныптарына қатысты: «Қағазды өндеу технологиясы және осы материалдан үлгілерді жасаудың ерекшелігі», (Бектоғаева Гүлнар Сыздықбекқызы, Оқушылар сарайының бастапқы техникалық үлгілеу үйірмесінің жетекшісі); «Қазақ ұлттық үй керек-жарақтарын жасау технологиясы» (Павлодар қаласы есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы ЖББ мектеп-интернатының технология пәнінің мұғалімі Асанов Қанат Қайроллаұлы); «Қаңылтырды өндеу технологиясы және одан үлгілерді дайындаудың ерекшелігі» (Вазиянов Евгений Владимирович, Оқушылар сарайының жалпытехникалық үлгілеу үйірмесінің жетекшісі); «Мектеп жағдайында күркетауықтарды және басқа да қауырсындыларды өсіру», (Қайрбеков Құдайберген Әубәкірұлы Лебяжье ауданы, Жамбыл ЖБОМ технология мұғалімі).

Семинарға қатысушылар шебер-сыныптар аяқталған соң Оқушылар сарайының планетариясына барып шықты. Барлық қатысушылар сертификаттармен табысталды.

Түсініктемелер қосу