Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12650302
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
5195
17782
109251
12290016
344467
367470
12650302

Сіздің IP: 44.198.162.35
Уақыт: 2024-03-29 10:44:45

Авторлық шығармалардың байқауы

Помнить, чтобы не повторилось… Помнить, чтобы не повторилось…
Помнить, чтобы не повторилось… Помнить, чтобы не повторилось…

М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында 2016 жылдың 1-2 ақпан күндері «Чернобыль. Қайталанбас үшін еске сақтау» атты облыстық жобасы шеңберінде мәнерлеп оқушылардың байқауы өтті. Аталмыш байқауға жалпы білім беру мектептерінен 67 оқушы қатысты. Бұл мерекенің қонақтары чернобыль-әскери адамдары, «Казбат» әскери қазақстандық бітімгерлік батальонының әскерлері, Семей қаласы «Чернобыль Одағы» бірлестігінің төрағасы Вениамин Следников болды.

Помнить, чтобы не повторилось… Помнить, чтобы не повторилось…

Қашыр, Железин, Ақтоғай, Шарбақты, Павлодар аудандарынан келген  және Павлодар қаласының 12 мектебінің оқушылары, сонымен қатар облыстық Оқушылар сарайы «Рауан» әдеби студиясының тәрбиеленушілері Чернобыль атом станциясында болған техногендік апат жайлы өз туындыларын ортаға салды. 

Конкурс қортындысы бойынша 1-4 сыныптар арасында Павлодар қаласы №40 ЖОМ-нің оқушысы Алтынбек Ерсінұлы «Чернобыль азабы» атты өлеңі үшін I-ші орынға иеленді. Ал Ақтоғай ауданы М.Қайырбаев атындағы ЖОМ-нің 3-ші сынып оқушысы Тамара Некрасова II-ші орынды иеленсе, III-ші орын Оқушылар сарайы «Рауан» әдеби студиясының тәрбиеленушісі Рами Акулға бұйырды. 5-8 сыныптар арасында Павлодар қаласы №40 ЖОМ-нің оқушысы Айжан Қызыр «Чернобыль зары» атты шығармасымен I-ші орынға иеленсе, II-ші орын жеңімпазы Павлодар қаласы №22 ЖОМ-нің 8 сынып оқушысы Томирис Мухаметкалиеваны көрермен бар ынтасымен тыңдады. Ол өзінің «Жусан өлкесі» атты шығармасын оқыды. Осы жас ерекшелік категориясында III-ші орынды №17 ЖОББМ-нің 8-ші сынып оқушысы Диана Рудишева мен Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылының А.Құнанбаев атындағы ЖОМ-нің 6-шы сынып оқушысы Даяна Мергалиева және Қашыр ауданы №1 ЖОМ-нің 5-ші сынып оқушысы Амина Бақтыбай бөлісті. Байқау қонақтары №1 Песчан ЖОМ-нің оқушысы Евгений Дорошенконың  «Чернобыль – боль моя…» атты әсерлі өлең жолдарын тыңдады. 9-11 сыныптар арасында қатысқан жоғарғы жас ерекшелік категориясында I-ші орынды Евгений жеңіп алды. II-ші орын Павлодар қаласы №39 ЖОМ-нің 9-шы сынып оқушысы Анастасия Гуляеваға және Шарбақты ауданы Чигириновская ЖОМ-нің 9-шы сынып оқушысы Аманбол Жиналғанға тиесілі болды. III-ші орынды Шарбақты ауданы, Шарбақты аулының 10-шы гимназия-сынып оқушысы  Лидия Кузьгова, Павлодар қаласы №5 ЖОМ-нің 11-ші сынып оқушысы Илья Ратников және «Рауан» әдеби студиясының тәрбиеленушісі Екатерина Семинистая бөлісті.  

«Чернобыль. Қайталанбас үшін еске сақтау» атты жобасының ұйымдастырушылары Оқушылар сарайының Скаут орталығы.

 

Түсініктемелер қосу