Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12639225
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
11900
29268
98174
12290016
333390
367470
12639225

Сіздің IP: 44.192.132.66
Уақыт: 2024-03-28 13:21:41

Жас астрономдардың облыстық слеті

2015.01.21 01 Областной слёт юных астрономов

Павлодарлық Ертіс өңірінің тарихында 21 қаңтарда тұңғыш рет М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының Үлкен залында  жас астрономдардың облыстық слеті өткізілді.

Бұл шараның мақсаты оқушылардың астрономия және ғарышты қазақстандық ғылымды дамытудың басты бір бағыты ретінде зерделеуі, ғылыми-техникалық зерттеулер жүргізуге қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды анықтау және қолдау. Астрономия және ғарыш техникасымен шын әуестенетін балаларды театрланған элементтері бар слеттің ерекше танымдық – көңіл көтеретін бағдарламасы қызықтырды, оған бөтен әлемнің ғажайып кейіпкерлері қатысты.

Областной слёт юных астрономов Областной слёт юных астрономов

Кездесу барысында олар жер ғаламшарының балалары ғарышты зерттейтінін, ол жөнінде көп мәліметтер жинақтағанын білді. Сонымен бірге Жер ғаламшарын тартып алудан бас тартып, балалармен бірнеше сәуле жылдардан соң байланысқа шықпақшы болды. Оқушылар ғарыш туралы бейнеролик көрді. Оқушылар сарайының жалпытехникалық үлгілеу үйірмесінің тәрбиеленушісі Даниил Любимов слет қатысушыларына ғарыш кемелерінің макеттерін көрсетті.  Дарынды балаларға арналған «Жас Дарын» арнайы мектептің оқушысы әуесқой астроном Кайырден Әділ балалардың алдында сөз сөйледі.

Областной слёт юных астрономов Областной слёт юных астрономов

Слёт шеңберінде балаларға арналып компьютерлік тұсаукесер конкурсы өткізілді (тақырыптары «Ғарыш техникасы», «Жерге ғарыштан көз тігу», «Күн сәулесінің жүйесі», «Шексіз ғарыш», «Сен қай галактикадансың», «Жерден ғарышқа қарау» және «Ғарыш үні») және шығармалар конкурсы (тақырыптары «Адамзат тағдыры және ғарыш», «Жер шарында біз ғанамыз ба?», «Жақын жүз жылда ғарышты игеруге менің жасайтын болжамым»).

Білікті қазылар алқасының мүшелері, оның құрамына ПМПИ аға оқытушысы Ерсайын Какабаевич Жетпісбаев, Баубекова Гульнар Кайрболатқызы – Павлодар политехникалық колледжінің жалпы білім беру және арнайы пәндердың оқытушысы, балалар техникалық мектебінің директоры Александр Николаевич Зозуля, «Сенің әлемің-Твой мир» облыстық балалар-жасөспірімдер газетінің редакторы Елена Валентиновна Вайберт және «Луч» шығармашылық бірлестіктің жетекшісі Дәулет Бейсембайұлы Даирбаев, берілген тақырыптың толық ашылуы мен ерекшелігін, мәліметтің стилистикалық бірлігін және оның көркемдік құндылығын бағалады. (таңдалып алынған бейнелеу тәсілдерінің бейнелігі).

Областной слёт юных астрономов Областной слёт юных астрономов

Шығармашылық жұмыстарының тұсаукесерінен соң слет қатысушылары Оқушылар сарайының планетарийында ғарыш туралы ғылыми-танымал фильмдер, «Вдохновение» үлгілі хореографиялық би ансамблі және «Музыкальный квартал» эстрадалық ән студиясының өнерін тамашалады. Слёт жұмысының қорытындысы ретінде шығармашылық конкурс жеңімпаздарына диплом және планетарийға фильм көруге билет табыстау болды.

Бұл ерекше турнирдің ғарыш білгірлері атанғандар:
I орын: Сабыр Қасиет, Абай атындағы №10 лицей мектебі.
II орын: Боранжан Абылайхан, Абай атындағы №10 лицей мектебі..
II орын: Бейсекенова Мәлика, № 39ЖОББМ
III орын: Голиков Александр, № 28 ЖОББМ
III орын: Мұнайтбасов Қажымұрат, №3 гимназия мектебі.

Шығармалар конкурсында орындай былай бөлінді:
I орын: Бирюков Влад, №3 гимназия мектебі.
II орын: Симутина Дарья, № 39 ЖОББМ.
III орын: Акул Мадьян, Оқушылар сарайының «Рауан» әдеби студиясы.
III орын: Сагандықова Далила, Абай атындағы №10 лицей мектебі.

Түсініктемелер қосу