Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12647468
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
2361
17782
106417
12290016
341633
367470
12647468

Сіздің IP: 174.129.59.198
Уақыт: 2024-03-29 04:58:44

«Шуақты жаз» жазғы экспресінің күнделігі (8,9,10 маусым)

Календарь летнего экспресса «Радужное лето» (8,9,10 июня) Календарь летнего экспресса «Радужное лето» (8,9,10 июня)

8 маусым
«Шуақты жаз» жазғы лагерінің бесінші күні өте қызықты өтті. Бұл күні оқушылар «Волшебный мир» алаңына барып, өздерінің ой толғауларын, шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Бұл жерде сурет салуға, қағазбен жұмыс жасауға, жабыстыру ісімен шұғылдануға болады. Бүгін бұл бекеттің қонақтары №9 және №15 мектеп оқушылары болды. Барлығы 35 оқушы.

«Акварель» шығармашылық студиясының жетекшісі Светлана Бирёва оқушыларға бояулар және қылқаламмен жұмыс жасауға үйретті. «Волшебый мир» станциясының кішкентай қылқалам шеберлеріне бүгінгі жазғы тапсырма, жаз бейнесін сомдау болды.

Календарь летнего экспресса «Радужное лето» (8,9,10 июня) Календарь летнего экспресса «Радужное лето» (8,9,10 июня)

Оқушылар ақ қағаз бетін алтын түстес жағажайларға, әдемі гүлдерге, ертегі әлеміндегі  кеме суреттеріне толтырды. Осы күні оқушыларды басқа да танымал станциялар қарсы алды. 8 маусым күні Оқушылар сарайына 299 адам келді.

Календарь летнего экспресса «Радужное лето» (8,9,10 июня) Календарь летнего экспресса «Радужное лето» (8,9,10 июня)

9 маусым
«Шуақты жаз» жазғы экспресінің ең көңілді алаңы «Summer dans» («Жазғы би») деп аталады. 9 маусым күні №4 мектептің балдырғандары «Нежность» би студиясының жетекшісі Надежда Кузьменкомен 35 оқушы мультфильм әуендерімен би ырғақтарын үйренді. «Summer dans» алаңының, «Артәлем» станциясында заманауи хореография би түрлерін үйретеді. Бұнда әлем халықтарының дәстүрлі билері оның ішінде хип-хоп (Ирина Можейко), спорттық-балдық билер (Виолетта Никитина), сонымен қатар сахналық және эстрадалық билер. Сондай-ақ, би ұстаздары би өнері туралы және би театры туралы ақпар беріп отырды. «Артәлем» станциясында тек қана көңілді бимен ғана айналыспай, вокалдық өнермен де балалар таныс болды.

Календарь летнего экспресса «Радужное лето» (8,9,10 июня) Календарь летнего экспресса «Радужное лето» (8,9,10 июня)

Ал педагогтар Елена Валько, Баршагуль Ногаева және Татьяна Атлан «Ән шашу» алаңында балаларды қарсы алады. «Жарық жұлдыз» алаңында балаларды танымал ойындар күтеді. Марина Юрченко мен Татьяна Суворованың алаңында білімдерін тексеріп, білім нәрімен сусындауға болады.

9 маусым күні Сарайда барлығы 254 бала болды.

Календарь летнего экспресса «Радужное лето» (8,9,10 июня) Календарь летнего экспресса «Радужное лето» (8,9,10 июня)

10 маусым
Жұманың әр сәрсенбісінде Сарайдың мультимедиялық оралығында журналистика пәні бойынша қызықты шебер-сыныптар өткізіледі. 10 маусым күні журналистика студиясының жетекшісі Варвара Даирбаева 356 кабинетте №№ 39,15,22 және 41 ЖОМ-нің оқушыларына «Журналист болу оңай» атты қызықты шебер-сынып өткізді. Балалар заманауи мультфильмдерден үзінділерді тамашалап, сонымен қатар кейіпкерлер жаңалықтарды жазды. Сонымен қатар оқушылар, баспа машинасы туралы ойының ойнап, өздерінің жазғы мақалаларын жазды. Журналистика туралы санамақтардан кейін оқушылар «Сөзді тап» ойының ойнады. Лагерь оқушылары «Шуақты жаз» қабырға газетіне өздерінің тілектерін жазып жатты. Бұл күні оқушылар сарайына 269 оқушы келді.

Түсініктемелер қосу