Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения12653567
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 8460 17782 112516 12290016 347732 367470 12653567 Ваш IP: 54.226.242.26
Время: 2024-03-29 17:31:12
|
Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы
Ағымдағы жылдың 18 қаңтар күні Оқушылар сарайының кіші залында «Біз – Денсаулық әлемінің балаларымыз» атты балалар қоғамдық қабылдауы өтті. Шараның мақсаты Павлодар қаласының мектеп оқушыларына салауатты өмір сүру туралы, оны насихаттау мәселесі жайлы ақпар беру. Бұл күнгі шараға Павлодарлық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Гүлнар Саканова қатысқан болатын. Гүлнар Саканова «Шылым шегудің денсаулыққа зияны» туралы баяндамсын оқып, темекінің адам ағзасына кері әсері туралы оқушылармен пікір-талас ұйымдастырды. Пікір-талас барысында балалар темекінің зиянды әсерлерін талқылап, жас жеткіншектердің темекі шегуден аулақ болу жолдарын қарастырды. Салауатты өмір салтының маманы Гүлнар Саканова темекінің тарихы және оның адам ағзасын улайтыны туралы мәлімет бере отыра, шылым шегудің зиянды жақтарын аша отырып, сақтану жолдарын, ұжым болып жұмыс істеуге, бірін - бірі тәрбиелеуге үйретіп, өз денсаулықтарына жауапты болуға кеңес берді. Балалар қоғамдық қабылдауында Павлодар қаласының №№ 6, 29, 34, 36, 42 ЖОМ-нен 60 оқушы қатысты. |