Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

12646859
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
1752
17782
105808
12290016
341024
367470
12646859

Ваш IP: 54.163.221.133
Время: 2024-03-29 03:42:16

Жас заңгерлер шығармашылық байқауға қатысты

Жас заңгерлер шығармашылық байқауға қатысты Жас заңгерлер шығармашылық байқауға қатысты
Жас заңгерлер шығармашылық байқауға қатысты Жас заңгерлер шығармашылық байқауға қатысты

2017 жылдың 1 ақпаннан 28 ақпан аралығында «Біз және заң» құқықтық білім беру бойынша шығармашылық жұмыстардың облыстық қашықтықтан сайысы М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында өткізілді. Сайыс ұйымдастырушылары Павлодар облысының білім беру басқармасы, «Жас Отан» жастар қанатының қолдауымен, облыстық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы, М.М. Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайының балалардың бұқаралық қозғалысын дамыту бөлімі. Аталмыш сайыстың басты мақсаты білім беру саласы арқылы құқық туралы білімдерін тереңдету, нақты бала құқығын қорғайтын өзекті тақырыптары арқылы білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашу болып табылды.

Шығармашылық байқаудың әділ-қызылар құрамына «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты Павлодар облысы бойынша филиалының сарапшысы Д.А. Қозыбақов, Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің қазақ тіл мен әдебиет мұғалімі М.Х. Коржумбаева, «Сенің әлемің – Твой мир» облыстық балалар-жасөспірімдер газетінің редакторы В.А.Даирбаева енді. Болашақ заңгерлердің бұндай қызықты сайысына Павлодар облысының барлық аудандарының мектеп оқушылары қатысып бақтарын сынады. Ал Павлодар қаласы бойынша қала мектептерінен №№ 4,7,12, 13, 15, 17, 25, 36 ЖОББМ шығармашылық жұмыстарын қазылар назарына ұсынды. Бұл байқау шығармалар сайысы, плакаттар сайысы, суреттер сайысы атты номинациялар бойынша өткізілген болатын. Сонымен қатар оқушылардың 13-14 жасқа дейін, 15-17 жасқа дейін жас ерекшеліктері ескерілді. Қазылар алқасы оқушылардың жұмыс орындауындағы шеберліктерін, көркемдік орындалу деңгейін, ой түпнұсқалығын ерекше бағалады.

Жас заңгерлер шығармашылық байқауға қатысты Жас заңгерлер шығармашылық байқауға қатысты
Жас заңгерлер шығармашылық байқауға қатысты Жас заңгерлер шығармашылық байқауға қатысты

13 - 14 жас аралығындағы плакаттар сайысының қортындысы бойынша Екібастұз қаласы, «Қайнар» мектебінің оқушысы Алена Еременко өзінің тамаша бала құқықтарын сақтау тақырыбы бойынша сурет салғаны үшін 107 ұпай санымен бас жүлдені жеңіп алды.

Суреттер сайысының қортындысы бойынша 13 - 14 жас аралығындағы жас ерекшелік арасында Қашыр ауданы, Береговое ЖОМ-нің оқушысы Вольдт Ксения бас жүлдеге ие болды. 13 - 14 жас аралығындағы шығармалар сайысының қортындысы бойынша Лебяжі ауданы, Жамбыл ЖОМ-нің оқушысы Смаил Айдана бас жүлдені қанжығасына байлады.

- Бұл конкурс арқылы жас заңгерлер, мектеп оқушылары нақты бала құқығын қорғайтын өзекті тақырыптарды өрбітіп, сурет салу, шығарма жазу арқылы бала құқықтарын тамаша көрсете білді, - деді, «Біз және заң» сайысының ұйымдастырушы, Оқушылар сарайы «Азамат» құқық клубының жетекшісі Динара Орынбасарқызы Жаканова.

Жалпы сайысқа Павлодар облысы бойынша 241 оқушы қатысты. Сайыстың жеңімпаздары туралы толық ақпаратты М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайының ресми сайтында «Жас Ұлан» қосымша парағы, қорытынды бөлімінде таба аласыздар. «Біз және заң» құқықтық білім беру бойынша шығармашылық жұмыстардың облыстық қашықтықтан сайысының бас жүлде, I, II, III-ші орын иегерлері 2017 жылдың 19 мамырында «Үздік Ұлан» жас бейбітшіл облыстық сайысында марапатталады.

Добавить комментарий