Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Видеоновости 

Музыкальный видеоклип - Подпишитесь

Облако тегов 

Дополнительная информация 

Наши посещения 

2788013
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
2834
5729
15624
2602898
57190
74055
2788013

Ваш IP: 54.80.211.135
Время: 2017-10-19 17:00:43

Мемлекеттік тілде өткен ғылыми-тәжірибелік семинар

Мемлекеттік тілде өткен ғылыми-тәжірибелік семинар Мемлекеттік тілде өткен ғылыми-тәжірибелік семинар
Мемлекеттік тілде өткен ғылыми-тәжірибелік семинар Мемлекеттік тілде өткен ғылыми-тәжірибелік семинар

2017 жылдың  30 наурыз күні М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында мемлекеттік тілде ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Семинар тақырыбы: «Қосымша білім беру – балалар  және жасөспірімдер тұлғасын көп мәдениетті  дамуы үшін білім және тәрбие үрдісінің  кеңістігі». Семинардың барысында ЖОО-ның оқытушылары баяндама жасап, психологиялық, сәнді-қолданбалы және алғашқы үлгілеу, көркемдік, театралдық және журналистика  бағыттары бойынша практикалық жұмыстар жүргізілді. Семинарда «Балалар мен жасөспірімдердің тұлғалық дамуының қазіргі талаптарының бірі – көптілдік» тақырыбымен С.  Ксембаева - С.Торайғыров ат.ПМУ «Foundation» факультетінің деканы,  профессор,  п.ғ.к. баяндамасын өрбітті.

Мемлекеттік тілде өткен ғылыми-тәжірибелік семинар Мемлекеттік тілде өткен ғылыми-тәжірибелік семинар
Мемлекеттік тілде өткен ғылыми-тәжірибелік семинар Мемлекеттік тілде өткен ғылыми-тәжірибелік семинар

Содан соң «Өрлеу» облыстық педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жаттықтырушысы А. Несипбаева «Білім беру жүйесінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру - ұлтаралық қарым-қатынастын тұрақтылығын сақтаудың негізі» атты тақырыбын семинар қатысушыларына қызықты етіп түсіндірді.  Ал «Қазіргі отбасындағы тәрбиенің психологиялық педагогикалық аспектілері» жайлы ПМПИ психология кафедрасының профессоры Б. Сарсенбаева айтып берді. Баяндамашылар ғылыми баяндамаларын тамамдаған соң, семинардың практикалық бөлімі басталып кетті. З. Кульшарипова ПМПИ психология кафедрасының доценті, Отбасылық кеңес беру психологиялық орталықтың директоры «Жаңалыққа шығармашылық өзіндік сана сезім – құндылық-мазмұндық қарым-қатынас» атты тақырыбында шеберлік-сабақ берді. Ал Абай атындағы №10 дарынды балаларға  арналған лицей-мектебінің психологі Ж.  Толеубаева «Жобалық-конкурстық қызметке қатысу үшін балаларды психологиялық тұрғыда дайындау» атты шеберлік сыныбында оқушыларды жобалау қызметіне дайындау үшін психологиялық құпияларды өз әріптестеріне мәлімдеді. Оқушылар сарайы «Сырмақ» қол өнер үйірмесінің жетекшісі Д. Жакслах облысымыздың шебер қолды ұстаздарына «Сыйлық жасауда ши орау технологиясын пайдалану» атты тақырыбында сыйлық жасаудың тәсілін үйретіп, ши орау технологиясын пайдалану туралы кең айтты. Оқушылар сарайы «Мастерок» алғашқы үлгілеу үйірмесінің жетекшісі  Г. Бектогаева  келген қонақтарға қағаздан  мүсін  жасатып, барлық семинар қатысушыларын өз шеберлігімен баурап алды.  Көркемдік бағыттағы шеберлік сабақтарда келген қонақтарды  Оқушылар сарайының «Жас дәурен» вокал студиясының жетекшісі Б. Ногаева және «Жас екпін» домбыра ансамблінің жетекшісі М.Кенжеканов ән мен күйге бөледі.  Театр және сахына өнері жайлы «Глобус» театралды студия жетекшісі Ж.Ешимкулов шебер айтып берді. Ал мектепте жас тілшілер мен жұмыс жасау, журналистика бағыты бойынша сөз алған «Қаламгер» баспасөз орталығының жетекшісі А.Аипова еді.

- Оқушылар сарайында алғаш рет өткізіліп отырған, бүгінгі ғылыми-тәжірибелік семинар жоғары деңгейде, қызықты практикалық сабақтарымен мағыналы өтті, - деп өз ойымен бөлісті, Оқушылар сарайының әдіскері А.Оспанқұлова.

Семинарға Баянауыл, Железин, Ертіс, Май, Шарбақты, Ақтоғай, Успен, Қашыр, Лебяжі, Павлодар аудандарымен Ақсу және Павлодар қаласынан 76 қосымша білім беру және мектеп шығармашылық бірлестіктерінің жетекшілері қатысты. Семинардың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды. Оқушылар сарайының сайты семинардың  әдістемелік материалдарымен толықты.

 

Добавить комментарий