Оқушылар сарайында Жасұландықтар күні өтті

Категория: Методический отдел
Опубликовано 06.04.2017 10:19
Оқушылар сарайында Жасұландықтар күні өтті Оқушылар сарайында Жасұландықтар күні өтті
Оқушылар сарайында Жасұландықтар күні өтті Оқушылар сарайында Жасұландықтар күні өтті

М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы балалар бұқаралық қозғалысын дамыту бөлімінің бастамасымен 5 сәуір күні Жасұландықтар күні ұйымдастырылды. Бұл қызыққа толы күнге Павлодар ауданы, Қашыр, Лебяжі, Екібастұз, Ақсу қалаларынан келген жасұландықтар, көшбасшылар, омбудсмендер болды. Ал Павлодар қаласынан №№7, 13, 14, 17, 20, 25, 35, 36, 37, 40, 41, Жетекші ЖОМ-нен алғыр әрі зерек оқушылар жиналды.

Оқушылар сарайында Жасұландықтар күні өтті Оқушылар сарайында Жасұландықтар күні өтті
Оқушылар сарайында Жасұландықтар күні өтті Оқушылар сарайында Жасұландықтар күні өтті

Бұл күнге орай бөлім педагогтары мен әдіскерлері бес шығармашылық алаңдарды даярлады. «Азамат»  клубының жетекшісі Д.Жаканова жас көшбасшылар мен омбудсмендерге «Сенің құқықтарың» атты құқық бағытында топтық ойынды қызық өткізді. «Достар» үйірмесінің жетекшісі Б.Бекхожина «Естелікке сақтау» үшін атты патриоттық бағытында интерактивтік викторина сабағын жүргізді. «Ориентир» клубының жетекшісі А.Оразбаева оқушыларға болашақ мамандық таңдауға жол ашты. Балалар журналистика студияларының жетекшілері В.Даирбаева тілішлерге арналған қызыққа толы пресс-лото ойнатты, ал  педагог А.Аипова  журналистика саласы бойынша коммуникативтік ойындарды жүргізді. Бұл күні іс-шараға 35-ке жуық жасұландықтар жиналып, білімдерін жетілдіріп, қызықты ойындар ойнап қайтты.