Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Видеоновости 

Дворец школьников 

Облако тегов 

Дополнительная информация 

Наши посещения 

3888508
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
1405
1512
6247
3709817
29786
69026
3888508

Ваш IP: 54.227.186.112
Время: 2018-12-12 14:34:17

Мамандыққа алғашқы қадам

Мамандыққа алғашқы қадам Мамандыққа алғашқы қадам
Мамандыққа алғашқы қадам Мамандыққа алғашқы қадам

Әрбір адамзат баласы болашақ мамандығын таңдау кезінде өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйенуі керек. Осы мақсатта ағымдағы жылдың  18 сәуірінде М.М.Катаев атындағы Облыстық оқушылар сарайының балалар қоғамдық қабылдауының бастамасымен «Менің мамандығым - менің болашағым» атты іс-шара өткен болатын.

Бұл отырысқа Павлодар қаласының №№5,16, 28, 34 ЖОМ-нен 97 оқушы қатысты. Бұл шараның басты мақсаты мамандық туралы оқушылардың білімдерін кеңейту,  қоғамдағы әр-түрлі мамандықтардың түрлеріне шолу. Аталмыш шара барысында мектеп оқушылары өздерінің болашақ мамандықтары жайлы сөз қозғап, мектеп қабырғасын бітіргеннен соң, білім жолына түсіп, болашақ мамандық жолын таңдау туралы пікір-талас ұйымдастырды. Мамандық таңдау барысында «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?», «Мамандық таңдау кезіндегі басты қателіктер қандай?»  деген көкейкесті сауалдар талданып, оқушылар ашық сұхбат жүргізе білді. Кездесудің қортындысында оқушылар болашақ мамандық таңдау үшін басты қағидалар мен ережелерді өздері ойлап тауып, шешім шығарды.

Добавить комментарий