Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Видеоновости 

Музыкальный видеоклип - Подпишитесь

Облако тегов 

Дополнительная информация 

Наши посещения 

2956230
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
1332
1558
1332
2774733
32863
94319
2956230

Ваш IP: 54.91.38.173
Время: 2017-12-11 06:19:39

Облыстық «Сенің әлемің» газеті өз оқырмандарын марапаттады

Облыстық «Сенің әлемің» газеті өз оқырмандарын марапаттады Облыстық «Сенің әлемің» газеті өз оқырмандарын марапаттады
Облыстық «Сенің әлемің» газеті өз оқырмандарын марапаттады Облыстық «Сенің әлемің» газеті өз оқырмандарын марапаттады

2017 жылдың 4 мамыр күні «Сенің әлемің – Твой мир» Облыстық балалар-жасөспірімдер газетінің редакциясы салтанатты түрде өз оқырмандарын марапаттады. Бұл іс-шара Оқушылар сарайының әдіскерлері, «Сенің әлемің» газетінің редакторлары Варвара Даирбаева және Асем Аипованың ұйымдастыруымен өткізілген болатын.

Облыстық «Сенің әлемің» газеті өз оқырмандарын марапаттады Облыстық «Сенің әлемің» газеті өз оқырмандарын марапаттады
Облыстық «Сенің әлемің» газеті өз оқырмандарын марапаттады Облыстық «Сенің әлемің» газеті өз оқырмандарын марапаттады

Шараның басты мақсаты  «Сенің әлемің» газетінің мәртебесін көтеру, өз жазылымшыларын ынталандыру, газет оқырмандарын марапаттау.   Бұл мерекелік шараға № № 1,5,6,7,9,12,13,14,15,16,17,18,21,22,23,24,26,27,33,35,37,38,40,41,43 ЖОББМ-нің ұстаздары, аға тәлімгерлері, мектеп газеті баспасөз орталықтарының жетекшілері, Оқушылар сарайының педагогтары қатысты.  «Сенің әлемің» газетінің редакциясы өзінің оқырмандары мен жазылымшыларына оқу жыл бойы бірлесіп жасаған ынтымақтастық серіктестіктері үшін «Үздік оқырман», «Газет санына көлемді жазылу», «Үздік мақала», «Табысты серіктестік» атты номинациялар бойынша алғыстармен мараптаттап, сонымен қатар іс-шараға келген қонақтар пресс-лотерея ойынын ойнап, азын-аулақ сыйлықтарға ие болды.

- Біз 2016-2017 оқу жылы ішінде газетпен тығыз қарым-қатынаста болған газет оқырмандарын марапаттадық. Осы іс-шара арқылы «Сенің әлемің» редакциясы өз оқырмандарына көңіл бөліп, мектеп оқушыларына балалар газеттерін оқытуды көздеп, газетке жазылуға шақырдық, – деді газеттің редакторы әрі дизайнері Варвара Даирбаева.  

«Сенің әлемің – Твой мир» облыстық балалар-жасөспірімдер газеті 10 жылдан астам өз оқырмандарын қуантып келеді. Бұл Павлодар облысы бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған жалғыз газет. Қазіргі таңда газеттің өзінің оқырмандары, жазылымшылары бар. Газет жыл сайын Халықаралық, Республикалық байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болады. Айта кетсек, 2017 жылдың 1 ақпаннан  10 наурыз аралығында «Сенің әлемің» газеті «Под счастливой звездой: нам жить в новом мире» атты VII-ші сырттай жас тілшілердің Республикалық байқауына қатысып I – ші  дәрежелі дипломға ие болды.

Әрбір газеттің өсуі, өркендеуі оқырмандарына байланысты. Осы орайда осы жылғы ұйымдастырылған марапаттауға қызығушылықты байқап, редакция алқасы осы шараны жылда өткізуді ұйғарды.

Добавить комментарий