Облыстық жас инспекторлар Слеті өтті

Категория: Методический отдел
Опубликовано 18.05.2017 12:19
Облыстық жас инспекторлар Слеті өтті Облыстық жас инспекторлар Слеті өтті
Облыстық жас инспекторлар Слеті өтті Облыстық жас инспекторлар Слеті өтті

2017 жылғы 15 мамырда Оқушылар сарайында жол қозғалысы жас инспекторлар жасағының облыстық Слеті өткізілді. Іс шараның мақсаты балалар және жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын алу жөніндегі жұмысты жетілдіру, мүдделі ведомстволардың, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің жолда балалардың денсаулығын сақтау проблемаларына, жол қозғалыс ережелерінің сақталуына назарын аудару. Жол-көлік оқиғаларына байланысты аталмыш байқауда «Сапта жүру байқауы», «Жол жүру ережелерін білгірлері», «Қауіпсіз дөңгелек», «Жас реттеуші», «Жас санитар», «Автокөліктің тежегіш жолы», «Жас білімпаз» атты жеті сайыстар болды.

Конкурстың әділқазылар құрамында – облыстық ІІД әкімшілік полициясы, білім беру басқармасының қызметкерлері, «RedZone», Қазақстан Республикасы Павлодар облысының «Қызыл айшық» филиалы қоғамдық бірлестіктері, облыстық Оқушылар сарайының әдіскерлері, Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының «Жас Отан» жастар қанаты, Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі және АӘД орталығының мамандары қатысты.

Слетке облыстың 150 жол қозғалысының жас инспекторлары бақтарын сынады.

Жол қозғалысының жас инспекторлары жол қозғалысы ережелерінің білгірі, жол-көлік оқиғасы кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету, сапта жүру дайындығы мен жол-көлік ережелерін білуді насихаттау және көшелер мен жол қауіпсіз ережелерін сақтау мәселелерінде өзара сайысқа түсті.

Сайыстың қорытындысы бойынша келесі командалар жеңімпаз атанды: 1 орын – Ақсу қаласының М. Қабылбеков атындағы орта мектебінің «Сұңқар» командасы; 2 орын – Ақтоғай ауданының Агрономия орта мектебінің «Безопасное колесо» командасы; 3 орын – Железин ауданының Прииртыш орта мектебінің «Друзья светофора» командасы. Конкурс жеңімпаздары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.