Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

12643984
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
16659
29268
102933
12290016
338149
367470
12643984

Ваш IP: 44.223.31.148
Время: 2024-03-28 21:53:43

«Туған жер» ұлттық-патриоттық идеясы Оқушылар сарайының педагогикалық кеңесінде талқыланды

«Туған жер» ұлттық-патриоттық идеясы  Оқушылар сарайының педагогикалық кеңесінде талқыланды «Туған жер» ұлттық-патриоттық идеясы Оқушылар сарайының педагогикалық кеңесінде талқыланды
«Туған жер» ұлттық-патриоттық идеясы  Оқушылар сарайының педагогикалық кеңесінде талқыланды «Туған жер» ұлттық-патриоттық идеясы Оқушылар сарайының педагогикалық кеңесінде талқыланды

М.М. Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында 2018 жылдың 26 наурыз күні «Қосымша білім беру жағдайында «Туған жер» ұлттық-патриоттық идеясы» атты педагогикалық кеңесі өткізілді. Аталмыш шараның басты мақсаты Оқушылар сарайының тәрбиеленушілеріне ұлттық-патриоттық тәрбие беріп, ұлттық-тарихи дәстүрлерін қалыптастырып, рухани және шығармашылық әлеуетін жаңғырту үшін жағдай жасау.

Оқушылар сарайының бейімдеп оқыту бойынша басшының орынбасары Гүлнар Жанғазы «Туған жер» бағдарламасының бағыттарына кеңінен тоқталып, әр бөлім бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен іс-шараларға толық талдау жасады. Педагогикалық кеңес Оқушылар сарайының 2 наурыз күні салтанатты түрде ашылған «Рухани жаңғыру» кабинеті бойынша ұстаздардың білімдерін толықтыру мақсатында квест-ойынына жалғасты. Ұстаздар ұжымы алты топқа бөлініп, әдіскерлердің осы кабинет ішіндегі алты стенд бойынша дайындаған сұрақтарына жауап берді.

Кеңестің шешімі бойынша 2018 жылдың 4 сәуіріне дейін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген барлық іс-шараларға жұмыстың талдауына қоса, шаралардың әзірлемесін, БАҚ беттерінде жарияланған сілтемелерді, ережелерді тапсыру керек. 2018-2022 жылға дейін іс-шаралардың жоспарын дайындау, Оқушылар сарайының әдістемелік бөлімінің бастамасымен барлық тәрбиеленушілерге патриоттық тәрбие беретін шараларды өткізу, оқушылардың туған жерге деген махаббатын ояту, рәміздер мен әнұранды жатқа білуді қадағалау.

Ал Оқушылар сарайының барлық педагогикалық ұжымы «Рухани жаңғыру» кабинетіне өз тәрбиеленушілеріне танымдық экскурссия жасап, осы кабинет ішінде іс-шараларды өткізу, сонымен қатар ұстаздар әр сабақтың барысында мемлекеттік тілге баса назар аударуы тиіс.

Добавить комментарий