Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения12651333
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 6226 17782 110282 12290016 345498 367470 12651333 Ваш IP: 3.83.32.226
Время: 2024-03-29 12:36:25
|
Жұмат Шанин – театр өнерінің тарланы
2018 жылдың 11 сәуір күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Рухани жаңғыру» кабинетінде Павлодар облысының тумасы, қазақ театр өнерінің атасы Жұмат Шанин өмірі мен шығармашылығына байланысты танымдық сабақ өткізілді. Аталмыш шараға Оқушылар сарайының «Амплуа» әдеби-шығармашылық студиясы және №25 жалпы білім беру мектебінің оқушылары қатысты. «Халық болмысын мәдениетті өркендету арқылы сақтап қаламыз» - деген Жұмат Шанинің театр өнерінің қалыптасу жолында жасаған еңбектері жайлы Оқушылар сарайының әдіскері Жақсыбек Ешімқұлов арнайы дайындаған презентациясы арқылы баяндап берді. Кездесу барысында оқушылар Жұмат атамыздың өмірі жайлы қысқаша ақпарат алып, «Жарқын бейне – Жұмат Шанин» атты деректі бейнебаянды тамашалады. - Жаңа өмір ол біздің өткеніміздің жаңаша түрі. Өткенімізді ардақтау арқылы, болашаққа бек қадам жасауға болады – деді, кездесудің ұйымдастырушсы Жақсыбек Ешімқұлов. |