Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

12643967
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
16642
29268
102916
12290016
338132
367470
12643967

Ваш IP: 34.238.138.162
Время: 2024-03-28 21:52:12

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары тәрбиеленушілері арасында ұйымдастырылған «Таң Шолпан» республикалық сайысының облыстық кезеңінің өткізілуі туралы ақпарат

2014.05.05 01 Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары тәрбиеленушілері арасында ұйымдастырылған «Таң Шолпан» республикалық сайысының облыстық кезеңінің өткізілуі туралы ақпарат

2014 жылдың 5 мамырында М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайының Үлкен залында «Таң Шолпан» республикалық сайысының облыстық кезеңі ұйымдастырылды.

Мақсаты: жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің шығармашылығын дамыту мәселесіне көпшілік назарын аударту, ерекше қабілетті және кәсіби болашағы бар балаларды анықтау, қолдау және марапаттау.

Бұл жылы «Таң Шолпан» сайысы 7 мекеме қатысқан вокалдық жанрда өтті: Павлодар қаласының отбасылық үлгідегі балалар ауылы, Кашыр балалар үйі, №2 Песчан  арнайы білім беру мектеп-интернаты, Мичурин балалар үйі, Кенжекөл ауылының отбасылық үлгідегі балалар үйі, Екібастұз қаласының "Үміт» балалар үйі, Шақат балалар үйі.

2014.05.05 02 Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары тәрбиеленушілері арасында ұйымдастырылған «Таң Шолпан» республикалық сайысының облыстық кезеңінің өткізілуі туралы ақпарат

Сайысқа қатысушылардың барлық саны – 70 адам. Олар вокалды ансамбль мен хор және жеке ән айту номинациялары бойынша өнер көрсетті.

Нәтижесінде ІІІ орынды Қашыр ауданының «Айгөлек» хор ұжымы мен №2 Песчан  арнайы білім беру мектеп-интернатынан келген Денис Кискин алды. ІІ орынды Екібастұз қаласының «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушісі Вирт Татьяна мен Кенжекөл ауылының отбасылық үлгідегі балалар ауылынан келген Чижевская Милана иеленді. ІІ орынды Қашыр балалар үйінің «Алау» дуэті, Бас жүлдені де Қашыр балалар үйінің тәрбиеленушісі Алексей Лодочников алды.

Әділ қазылар алқасы «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешенінің оқытушысы Каскенова Тұрымхан Аскаровна, «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешенінің оқытушысы Кучикпаева Риза Зейнуллиновна, М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы «Дебют» авторлық студиясының жетекшісі, Қазақстан Республикасы композиторлар кеңесінің мүшесі, балалар әндерінің композиторы Лютровник Эльвира Тавкильевна, №2 балалар музыкалық студиясының оқытушысы Дорошенко Тамара Михайловна, М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы «Дебют» авторлық студиясының жетекшісі Капарова Динара Зиядиновна.

Добавить комментарий