Республикалық «Алтын қазына» көрме-сайысына эстетика бөлімінің бір топ оқушылары қатысты - Дворец школьников имени М.М.Катаева

Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Видеоновости 

Дворец школьников 

Облако тегов 

Дополнительная информация 

Наши посещения 

3654989
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
2326
1850
12824
3473022
38289
79436
3654989

Ваш IP: 54.92.182.0
Время: 2018-08-19 22:04:20

Республикалық «Алтын қазына» көрме-сайысына эстетика бөлімінің бір топ оқушылары қатысты

Республикалық «Алтын қазына» көрме-сайысына  эстетика бөлімінің бір топ оқушылары қатысты Республикалық «Алтын қазына» көрме-сайысына эстетика бөлімінің бір топ оқушылары қатысты
Республикалық «Алтын қазына» көрме-сайысына  эстетика бөлімінің бір топ оқушылары қатысты Республикалық «Алтын қазына» көрме-сайысына эстетика бөлімінің бір топ оқушылары қатысты

М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының эстетика бөлімінің тәрбиеленушілері 2017 жылдың қыркүйек айының соныңда Республикалық «Алтын қазына» көркем және сәндік қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылғының республикалық көрме-сайысына қатысты.

Бұл көрме-сайыс Алматы қаласындағы «Өрнек» сауықтыру лагерінде өткен болатын. Сайыстың басты мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарды дәріптеу.

Республикалық «Алтын қазына» көрме-сайысына  эстетика бөлімінің бір топ оқушылары қатысты Республикалық «Алтын қазына» көрме-сайысына эстетика бөлімінің бір топ оқушылары қатысты
Республикалық «Алтын қазына» көрме-сайысына  эстетика бөлімінің бір топ оқушылары қатысты Республикалық «Алтын қазына» көрме-сайысына эстетика бөлімінің бір топ оқушылары қатысты

Аталмыш сайысқа Оқушылар сарайынан «Сырмақ» қолданбалы-сән студиясының тәрбиеленушісі Далия Мадьярова және ұстазы Дәуірбек Жақсылыққызы барған еді. Сонымен қатар «Декор» студиясы мен «Сымбат» бейнелеу студиялары өз жұмыстарын ұсынған болатын. Далия өзінің шебер ұстазымен бұл көрмеге «Ұлттық мирас-ата мұра» атты жұмысын дайындаған болатын. Бұл жұмыста оқушы кигіз, біз-кесте, орама ши, қол кесте, кілем, гобелен, өрнекті шиден жасалған 9 жұмысты шебер көрсетті. Мысалы, өрнекті шиден жасалған «Ұлттық жаңғыру» жұмысы қатысушылардың көңілінен шықты.  

«Алтын қазына» көркем және сәндік қолданбалы өнер бойынша көрмесінде оқушылар ұмытылмастай әсер алып қайтты. Олар спорт және туризм мамандары ұйымдастырған таңғы жаттығуларға, «Судағы сурет», «Құмдағы сурет» шеберлік сабақтарына қатысып, «Туа біткен көшбасшы» тренинг сбақтарына, көрменің салтанатты жабылуында «Күзгі жұлдыз ағуын тамалашау» атты мерекелік бағдарламаның куәгерлері болды. Бұл мерекелік концертте Қазақстан эстрадасының жұлдыздары Сәкен Майғазиев, Нұрлан Албан секілді әншілермен би марафонына қатысты.

«Сырмақ» қолданбалы-сән студиясының жетекшісі  Дәуірбек Жақсылыққызы Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығынан заманауи сәндік қолданбалы өнердегі халық дәстүрін сақтауға және елдің мәдени-тарихи мұрасын арттырғаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Тәрбиеленушісі Далия Мадьярова және «Декор» мен «Сымбат» студияларының оқушылары үздік жұмыстары үшін сертификатқа ие болды.

«Алтын қазына» көрме-сайысын  Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің тапсырысы бойынша Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырып отыр.

Добавить комментарий