29 қазан күні Оқушылар сарайында «Путь к успеху» жобасы аясында «Славян орталығының» төрайымы Кузина Татьяна Ивановнамен кездесу болды. Жарқын жүзді Татьяна Ивановна кездесуге келген оқушылармен сырын, шынын айта отырып сөйлесті. Өзінің анасынан есінде қалған «Бақытты болғың келсе, бол!», «Ақылды болғың келсе, бол!» деген сөздерін айтудан жалықпады. Балалардың бәрін шаршамауға, ізденуге, еңбек етуге шақырды.