Патриоттық әндер мен шығармашылық билер балаларға базарлық болды

Категория: Көркемдік бөлімі
Жарияланды: 13.02.2017 18:00
Патриотические песни и креативные танцы детям в дар Патриотические песни и креативные танцы детям в дар
Патриотические песни и креативные танцы детям в дар Патриотические песни и креативные танцы детям в дар

Оқушылар сарайы көркемөнер бөлімінің тәрбиеленушілері Мичурин Балалар үйіне мерекелік концертпен қонаққа барып қайтты. «Жүректен жүрекке» атты концерттік бағдарламасы Оқушылар сарайының «Достық шеңбері» жобасы аясында өтті. Музыкалық нөмірлерді «Блэйз» эстрада би студиясы, «Музыкальный квартал» вокал ұжымы және «Paradise» пен «Fresh» шығармашылық студиялары дайындады. Көңілді сайқымазақ кейіпіндегі жүргізушілер өздерінің қызықты ойындары арқылы жиналған балаларға тамаша көңіл-күй сыйлады.

«Асықпа» тобының орындауындағы патриоттық «Астана» әнің көрермендер бар ықыласымен тыңдаса, ал «Блэйз» орта би студиясының бишілерін өте көңілді қарсы алды. Оқушылар сарайының жас әртістері осындай мерекелік іс-шараларды жиі ұйымдастырып тұрады.  Оқушылар сарайының көркемөнер бөлімі осындай концерттерді балалар үйінде, қарт адамдар мен мүгедектер интернаттарда жиі ұйымдастырады. «Paradise» шығармашылық студиясының жетекшісі Темірлан Аскаусовтың айтуы бойынша, «Бұндай концерттік қойылымдар қамқорлыққа душар балаларға жылулық сыйлап, балаларды мейірімділікке тәрбиелейді».