Вакинг және хип-хоп билері ырғағында

Категория: Көркемдік бөлімі
Жарияланды: 26.09.2017 15:10
В ритме вакинг и хип-хоп В ритме вакинг и хип-хоп
В ритме вакинг и хип-хоп В ритме вакинг и хип-хоп

М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайының «Splash» заманауи би студиясының ресми сайты осыдан бір ай бойы жұмыс атқарып келеді. Графикалық блоктардың жарқын дизайны, би бағыттары туралы ақпарат, студиялар кестесі, фотогалерея осының бәрін сайтан көре аласыз.

Ал ең бастысы, интерактивті қойындының көмегімен студияға жазылуға болады. «Splash» заманауи би студиясының жетекшісі Ирина Можейко, ұжымның дамуынан бастап  (2015 ж.) бейімделген бағдарлама бойынша сабақ өткізеді. Ирина Александровна  педагог-хореограф ретінде, ұжымдағы басты мақсат оқушыларға би өнеріне баулу, олардың бойына рухани-эстетикалық құндылықтарды дәріптеу, биге деген құштарлықтарын арттыру деп біледі. Ұжымның ішінде жас бишілер көркем-шығармашылық, би-қозғалыс, шығармашылық белсенділігін, тәуелсіздігін, табандылық пен ынта-жігерлерін арттырады. «Splash» заманауи би студиясының бағдарламасы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы оқушыларға арналған. Арнайы іріктеуден өткен соң би ұжымына қабылдау басталады.   «Splash» студиясының заманауи репертуары оқушылардың бойына мәдени-білімдік қабілеттерін дамытады.  Бұл үшін заманауи, эстрадалық билердің әртүрлі және қолжетімді қозғалысы, қазақ биі мен басқа ұлттардың стилизациясы, гимнастика және акробатика элементтері қолданылады. Қазіргі таңда би студиясы халықаралық, облыстық және қалалық сайыстардың жеңімпаздары болып табылады. Ұжымның қоржынында итернет-конкурсындағы жеңістері тағы да бар.  Жас бишілер «Вдохновение» Халықаралық би өнерінен онлайн-конкурсқа қатысып I-ші және  II-ші дәрежелі лауреаттар атанды. Студияның орта  ұжымы «Хип-хоп» номинациясында өнер көрсетті. Студия жетекшісі Ирина Можейко бірнеше рет әр түрлі конкурстарға қатысып, үздік хореограф деген атаққа ие болды. «Splash» заманауи би студиясының ресми сайтына http://splashdance.ru сілтемесі арқылы көшуге болады.