От алауы маңындағы гитара үні

Категория: Көркемдік бөлімі
Жарияланды: 19.10.2017 20:20
Гитары звуки у костра… Гитары звуки у костра…
Гитары звуки у костра… Гитары звуки у костра…

М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында гитарада ойнауды үйрену  үшін тегін сабақтар жүргізіледі. Бұл жерде бардовский әуендерін орындайтын «Зелёная карета»  әуесқойларының клубы ашылды.

Бұл клубқа 10 жастан 18 жас аралығындағы оқушылар қатыса алады. Жаңадан ашылған клубтың жетекшісі тәжірибелі ұстаз, әрі музыкант Стрелец Ирина Николаевна. Ол көп жылдардан бері өз тәрбиеленушілерін гитарамен әдемі, мейірімді әндерді айтуға үйретеді. Ирина Николаевна өзінің оқушыларымен балалар-жасөспірімдерге арналған «Аккорды радуги», «Иртышский перезвон» атты бардовский әндерінің фестиваліне, «Струнная капель» республикалық конкурсына және Петропавл қаласында өткен «Глория» Халықаралық сайыстарына қатысқан. «Зелёная карета» клубы гитара, музыкалық орталық және клавиндермен жабдықталады. Оқушылардың үй жұмысын орындау үшін жеке музыкалық аспаптары, яғни гитаралары болу керек. Бұл клубта сабақтар басталып кетті.

Сабақ күндері: сәрсенбі және сенбі. Сәрсенбі күні гитарада ойнау сабақтары сағат 10.00-ден 11.30-ға дейін және сағат 15.00-ден 16.30-ға дейін. Сенбі күндері бұл клубтың жұмысы сағат 14.30-дан 17.30.-ге дейін жүргізіледі.

Толық ақпаратты келесі телефондар бойынша алуға болады: 32-85-26, 32-85-02, 87474477164, 87473856519.