«Анастасия» би-спорттық клубы «Казахстан OPEN CUP 2017» халықаралық турнирінен алтынмен оралды

Категория: Көркемдік бөлімі
Жарияланды: 21.11.2017 09:24
«Анастасия» би-спорттық клубы «Казахстан OPEN CUP 2017» халықаралық турнирінен алтынмен оралды «Анастасия» би-спорттық клубы «Казахстан OPEN CUP 2017» халықаралық турнирінен алтынмен оралды
«Анастасия» би-спорттық клубы «Казахстан OPEN CUP 2017» халықаралық турнирінен алтынмен оралды «Анастасия» би-спорттық клубы «Казахстан OPEN CUP 2017» халықаралық турнирінен алтынмен оралды

Оқушылар сарайының «Анастасия» би-спорттық клубы 2017 жылдың 18-19 қараша айында Петропавл қаласында өткен «Казахстан OPEN CUP 2017» атты халықаралық турнирінен жеңіспен оралды.

Аталмыш би додасына Азербайжан, Белорусия, Албания, Ресей, Қазақстаннан келген жас бишілер қатысты. Оқушылар сарайының «Анастасия» би-спорттық клубы және клубының жоғарғы «Рандеву» тобы өңіріміздің намысын қорғап, жүлделі орындарға қол жеткізді. Халықаралық спорттық бидің қазылар мүшесі Юниоры-1 санатындағы Әділет Жумангалиев пен Рената Гильмиянова бірінші орынға қол жеткізіп, қоржындарына алтын әкелді. Ал Ювеналы-2 санатында екінші орынға қол жеткізген Асанәлі Шоқпапров пен Кристина Корниенко болды.

Спорттық-би клубының «Рандеву» жоғарғы тобының жетекшісі Анастасия Загорулько өз тәрбиеленушілерімен би жарысына барып қайтып, өз ойымен бөлісті: - Біздің қарсыластарымыз шетел бишілері болды. Біз өте жақсы дайындықпен барып, тіпті Мәскеуден келген мықты бишілерді жеңіп алдық. – Бұл жеңіс балалардың, клубымыздың үлкен мерейлі мәртебесі,- деді.

«Казахстан OPEN CUP 2017» атты халықаралық турнирдің ұйымдастырушылары біздің жеңімпаздарымызға дипломдар, медаль мен сыйлықтар табыс етті.

«Анастасия» би-спорттық клубының алдағы жоспарлары өте көп. Оның бірі қысқы каникул кезінде Бурабайда өтетін Халықаралық спорттық-би жарыстарына және Астана қаласында өтетін ауқымды Халықаралық турниріне қатысып жүлделі орындарға ие болу.

Бұл клубтың бапкерлері Виолетта Никитина мен Анастасия Загорульконы би жарысынан жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз.