![]() |
![]() |
Облыстық Оқушылар сарайының «Анастасия» спорттық би клубы 2019 жылы 24 ақпан күні Семей қаласында өткен «Көктем тамшысы-2019» балдық би бойынша Республикалық фестиваль-конкурсына қатысқан болатын. Біздің клубтың екі қатысушысы аталмыш би конкурсында алғаш рет қатысқан болатын. «Бебби» санатында Медина 1-ші орынға ие болып, ал Ақниет 2-ші орынға қол жеткізді.
Клуб жетекшісі Виолетта Никитина конкурстың керемет ұйымдастырушылығын атап өтіп, байқаудан керемет әсер алды. Бұл ұжымның биыл республикалық және халықаралық конкурстарға қатысуға жоспарлары бар.