![]() |
![]() |
2019 жылдың 19 сәуір күні Оқушылар сарайында «Ақ шағала-2019» республикалық хореографиялық фестиваль-конкурсының облыстық кезеңі өткізілді. Аталмыш сайыстың басты мақсаты оқушылардың хореографиялық қабілеттерін дамытып, рухани-адамгершілік және мәдени құндылыққа баулу. Конкурсқа облыстың жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері, 10-17 жас аралығындағы қалалық және аудандық конкурстардың жеңімпаздары қатысты.
![]() |
![]() |
«Халық биі номинациясы» бойынша I-дәрежелі дипломдармен келесі қатысушылар марапатталды:
1. Баянауыл ауданы, «Майқайын балалар өнер мектебі», «Қамажай степ» би ұжымы,
2. Павлодар қаласы, № 9 ЖОББМ би ұжымы;
«Заманауи би» номинациясы бойынша:
1. Ақсу қаласы, № 1 ЖОББМ;
2. Павлодар қаласы, № 40 ЖОББМ;
II-дәрежелі дипломдармен: «Халық биі» номинациясы бойынша:
1. К.Б.Даржуманов атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің «Башлам» би ұжымы;
2. Аққулы ауданы, Уахатов атындағы ЖОББМ-нің би ұжымы;
«Заманауи би» номинациясы бойынша:
1.Павлодар қаласы, №39 ЖОББМ «Ритмы планеты» би ұжымы;
2. Май ауданы, Көктөбе жалпы орта білім беру мектебінің би ұжымы;
III-дәрежелі дипломдармен: «Халық биі» номинациясы бойынша:
1. Ақсу қаласының балалар шығармашылық үйі, «Ақ көгершін» би ұжымы;
2. Баянауыл ауданы, С.Торайғыров атындағы аудандық Мәдениет үйі, «Баян сұлу» үлгілі би ұжымы;
«Заманауи би» номинациясы бойынша:
1.«Рақым» балалар жасөспірімдер клубы;
2. Б.Момышұлы атындағы №22 ЖОББМ «Шаттық» би ұжымы;
Бас жүлдені Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияның «Айгөлек» би ансамблі иеленді.
- Би байқауына қатысқан барлық өнерпаздар тамаша өнерлерін ортаға салды, әр би көрерменнің көңілінен шықты, - деді қазылар алқасының мүшесі Галина Лапухина.