![]() |
![]() |
Облыстық Оқушылар сарайының «Жас даурен» вокал студиясының жас әншілері «Ғаламшар болашағы» атты балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының ON-LINE байқауына қатысты. Байқау Санкт-Петербурге қаласында 2020 жылдың 3 - 23 маусым айында өткен болатын.
«Жас даурен» вокал студиясының тәрбиеленушілері «Мен қазақпын», «Самға», «Танцы на стеклах», «Sky fall» атты шығармаларын байқауға дайындаған болатын.
«Гулдер-ай» дуэтінің қыздары Жәния Жунусова және Арайлым Қайырбек 12-14 жас ерекшелік санатында «Эстрадалық вокал. Дуэт» номинациясы бойынша 1 дәрежелі дипломға ие болды.
«Эстрадный вокал. Соло» номинациясы бойынша 18-20 жас ерекшелік санатында Карібай Әдільхан 1 дәрежелі дипломға қол жеткізді.
«Эстрадалық вокал. Соло» номинациясы бойынша 12-24 жас ерекшелік санатында 3 дәрежелі дипломға қол жеткізді. Осы номинация бойынша 9-11 жас ерекшелік санатында Асия Иманбекова дипломмен марапатталды.
«Ғаламшар болашағы» атты балалар мен жасөспірімдер шығармашылық байқауына жеңімпаздарды дайындаған үшін студия жетекшісі Татьяна Черникованы және Баршагуль Ногаеваны құттықтаймыз. Шығармашылық табыстар тілейміз!