Оқушылар сарайының «Дебют» вокалдық студиясы «Мен өз жолымды таңдаймын» атты VI Халықаралық көп жанрлы өнер фестиваліне қатысты. Сырттай байқау - фестиваль Мәскеуде «Радость планеты» мәдени-ағартушылық жобасы аясында 2020 жылдың 15 маусымы мен 25 тамызы аралығында өткен болатын.
Біздің жас әншілер «Вокалды шығармашылық. Эстрадалық вокал» номинациялары бойынша шығармашылықтарын ортаға салып, әділқазылар алқасынан жоғары бағаға ие болды.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!
1 дәрежелі лауреат диплом - «Знайка» байқау нөмірі үшін «Смайликтер» тобы.
1 дәрежелі лауреат диплом - «Доктор-ай» байқау нөмірі үшін «Смайликтер» тобы.
1 дәрежелі лауреат диплом - «Домисолка» тобының репертуарынан «Мектеп» әнінің репертуарынан «Тентек» тобы.
1 дәрежелі лауреат диплом - «Қай Заман» байқау нөмірі үшін Касенова Даяна.
1 дәрежелі лауреат дипломы - «Қазақпын» байқау нөмірі үшін Жұмабаева Әнель.
Конкурс ұйымдастырушыларының алғыс хатын ұжым жетекшілері Капарова Динара Зиядинова мен Царенко Нонна Кировна алды.
Балалар мен мұғалімдерге шығармашылық табыс тілейміз!