Оқушылар сарайы шығармашылық ұжымдарының жеңістері

Категория: Көркемдік бөлімі
Жарияланды: 12.03.2021 15:50
Новые победы творческих коллективов Дворца школьников Новые победы творческих коллективов Дворца школьников
Новые победы творческих коллективов Дворца школьников Новые победы творческих коллективов Дворца школьников

2021 жылдың 5 наурыз күні «Ақ көгершін» балалар қорының бастамасымен  «Серпер» І Халықаралық қашықтықтан фестиваль – конкурсы өтті.

Аталмыш қашықтықтан конкурс хореографтар мен педагогтарға шеберліктерін шыңдауға, жас таланттарды қолдауға мүмкіндік береді.

«Серпер» конкурсында Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен шығармашылық ұжымдары болды. Қатысушылардың өнерлерін Қазақстан Республикасының өнер қайраткерлері бағалады.

М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының ұжымдары бұл конкурста табысқа жетті.

«Арман шоу» үлгілі театр – студиясы екі Бас жүлде, екінші орын - екеу, үшінші орын - үш жас әншілерге бұйырды.

«Тұмар» вокальная студиясы бірінші орын – екеу, екінші орын – біреу, үшінші орын – біреу.

«Мұрагер» домбыра ұжымы – бірінші орында болды.

Әрбір қатысушы, кубок, медальдермен ал жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.