Тәуелсіздік – шабытымның қанаты

Категория: Көркемдік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00

Тәуелсіздік – шабытымның қанаты

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік  күні мерекесін тойлау аясында желтоқсанның 12 жұлдызында М.М. Катаев  атындағы облыстық  Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен  облыстық «Халық мұрасы»  сайыс – фестивалі өткізіледі. Фестивальдің І кезеңінде Павлодар мен Екібастұз қалаларының жалпы орта білім беру мектептері, қосымша білім беру ұйымдарының  аспаптық балалар  ұжымдары қатысады.

Тәуелсіздік – шабытымның қанаты

Шара жас дарындарды  анықтауға, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға,  ұлттық мәдениетті насихаттауға, балалардың қазақ халқының музыкасына қызығушылы мен сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу мақсатымен өткізіліп отыр. Көрермендер атақты қазақ сазгерлері: Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина Нұрпеисова, Қазанғап пен қазіргі композиторлар шығармаларын тамашалай алады.

Ереже бойынша ұлттық жоба  жыл бойы өтеді - екінші, үшінші кезеңдер ақпан, сәуір айларында өтеді. Ал маусым айында жеңімпаздардың қатысуымен Гала-концерт және салтанатты марапаттау өтеді.