Хормейстер-педагогтарға арналған облыстық оқу семинары

Категория: Көркемдік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00

Хормейстер-педагогтарға арналған облыстық  оқу семинары

2014 жылғы 24 қантарында М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Вокалдық өнердің тәсілдері арқылы шығармашылық оқушы тұлғасын қалыптастыру» тақырыбы бойынша хормейстер-педагогтарға арналған облыстық оқу семинары өткізілді.

 

Семинарға облыстан (Лебяжі, Ертіс аудандарынан басқа) барлығы 36 адам қатысты, олардың ішінде: қосымша білім беруші педагогтар, музыка пәні мұғалімдері. Семинарды оқушылар сарайының вокалдық ұжымдарының жетекшілері, жоғары санатты педагогтар Атлан Т.И, Валько Е.М., Луб Е.П, Лютровник Э.Т, Ногаева Б.К. өткізді. Ұсынылған тақырыптар «Өз даусыңды, өз әніңді табу», «Вокалдық шеберліктің негізгі қағидалары және олардың практикалық маңызы», «Жас ерекшеліктерді ескеріп өзіндік репертуар құру» және «Вокалдық ұжымдарына конкурстық репертуарды таңдау критерийлері».

Хормейстер-педагогтарға арналған облыстық  оқу семинары

Семинар қатысушылары іс-шараны өте жоғары бағалады. Сауалнама қорытындысы бойынша 13,8% жақсы деңгейде, 86,2% қатысушы жоғары деңгейде бағалады.