«Мұрагер» домбыра ұжымы Халықаралық конкурста жеңіске жетті

Категория: Көркемдік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Победа домбрового коллектива «Мұрагер» на международном конкурсе Победа домбрового коллектива «Мұрагер» на международном конкурсе
Победа домбрового коллектива «Мұрагер» на международном конкурсе Победа домбрового коллектива «Мұрагер» на международном конкурсе

2023 жылдың 24 қазан күні Астана қаласында «DREAMFEST» Халықаралық конкурсы өтті. Аталмыш додаға М.М.Катаев ат. Оқушылар сарайының «Мұрагер» домбыра ұжымының тәрбиеленушісі Қылышбек Мейірбек қатысты.

 
Конкурс ұйымдастырушылары «DREAMFEST» желілік баспасы. Мейірбек конкурсқа «Инструменталдық жанр» номинациясы бойынша Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғау» шығармасын дайындап 1-ші орынға ие болды.   
-Конкурстың мақсаты балалар мен жастардың шығармашылық қабілеттерін анықтау және іске асыру үшін жағдай жасау, аспаптық өнер саласындағы ең дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау, - деді педагог Батырбек Сарсебеков.
Ұжым жетекшісі Батырбек Сарсебеков және аккомпаниатор Қуаныш Райымбеков жеңімпазды дайындаған үшін сертификатқа ие болды. Ал Қылышбек Мейірбек диплом, медаль және музыкаллық кубокқа қол жеткізді.