| 
	 | 
	 | 
2023 жылдың 5 қараша күні М.М.Катаев ат. Оқушылар сарайының «Блэйз» үлгілі эстрадалық би студиясы Алматы қаласында өткен «FANTASTIC TALENT» «Алиса в Зазеркалье» атты Республикалық би-шығармашылық фестиваль-конкурсына қатысты.
 
 
 
Байқаудың басты мақсаты - балалар шығармашылығын дамыту және насихаттау, дарынды балаларды анықтау және қолдау. 
Жас бишілер конкурсқа халықтық-стильдендірілген би, эстрадалық би, 
«Алиса в Зазеркалье» сюжеттік би-шоу қойылым номинациялары бойынша қатысты. 
- Би додасына қатыстқан бишілер еліміздің түкпір-түкпірінен келді. Сахына төрінде би қойылымдары ішінен үлкен бәсекелестік, жоғары дайындықты көрдік.  Бірақ біздің «Блэйз» ұжымы өзінің кәсібилігін көрсете білді, қазылар алқасы оларды жоғары бағалады, - деді ұжым жетекшісі Любовь Корнюхина.
Конкурс қорытындысы бойынша: 
«Эстрадалық би» номинациясы бойынша «Чарынский каньон» биі үшін  Үздік Бас –жүлде; 
«Би-шоу» номинациясы бойынша «Алиса в Зазеркалье» сюжеттік қойылым үшін Үздік Бас-жүлде;   
«Ұлттық-стильдендірілген» номинациясы бойынша «Қамажай» биі үшін Бас – жүлде;  
«Эстрадалық би» номинациясы бойынша «В  плену интернета» биі үшін Бас-жүлде. 
«Блэйз» үлгілі эстрадалық би студиясын жеңістерімен құттықтаймыз. Ұжым жетекшілері Любовь Корнюхина  мен  Анжелике Буличті ұжымды даярлаудың жоғары деңгейі үшін алғыс білдіреміз!