«Пабликино» әлеуметтік роликтер конкурсы

Категория: Көркемдік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00

 

Конкурс социальных роликов «Пабликино» Конкурс социальных роликов «Пабликино»
Конкурс социальных роликов «Пабликино» Конкурс социальных роликов «Пабликино»

24 қараша күні М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Өрен» жастар шығармашылығы фестивалі аясында Павлодар облысының колледж студенттері арасында «Пабликино» облыстық әлеуметтік роликтер байқауы өтті.

Конкурс жер шарымыздың табиғатына ұқыпты қарауды қалыптастыратын экологиялық-әлеуметтік жарнамаларды, роликтерді, бейнесюжеттерді жасауға, сондай-ақ студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға  және дамытуға бағытталған.  
Колледж студенттері облыстағы экологиялық жағдай туралы қызықты және мағыналы бейнероликтер жасады. Қатысушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзекті мәселелерді қозғап су ресурстарының био алуантүрлілігін сақтау бойынша ұсыныстар енгізді. Байқауға 24 команда қатысты. Балалар қысқаметражды фильмдерін ұсынды.
- Барлық қатысушылардың жұмыстары өте бай, қызықты болды. Байқаудың басты мақсаты-экологиялық дүниетаным негіздерін дамыту үшін жағдай жасау бойынша жастар сегментінің қызметін жандандыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, - деді көркемдік тәрбие беру бөлімінің меңгерушсі Жанар Калтаева.
Конкурс қортындысы:
1 орын:
Кабдымали Диас, Исмагилова Карина, Тишин Андрей - Павлодар машина жасау колледжі
2 орын:
Теміргали Маргұлан -  Екібастұз политехникалық колледжі    
Рейдель Илона, Харченко Анастасия - Ақпараттық технологиялар және бизнес колледжі
3 орын:
Аскаров Дамир – Жаяу Мұса ат. Ақсу жоғары көпсалалы колледжі
Красноперов Данил  - Тереңкөл агротехникалық колледжі
Бекболатов Диаз - Павлодар техникалық қызмет көрсету колледжі
Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды, барлық қатысушылар сертификаттар алды.