Жас актерлер жаңа жыл сахынасында өнер көрсетті

Категория: Көркемдік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Юные актеры на новогодней сцене Юные актеры на новогодней сцене
Юные актеры на новогодней сцене Юные актеры на новогодней сцене

Жаңа жыл – барша жұрт асыға күтетін, таңғажайып әрі ең көңілді отбасылық мерекелердің бірі.

Юные актеры на новогодней сцене Юные актеры на новогодней сцене 

М. Катаев ат. Оқушылар сарайында. Ж. К. Қалтаева, Ж. М. Ешімқұлов және А. С. Бекбулатованың жетекшілігімен театр ұжымдары дайындаған жаңа жылдық мерекелер мен ертегі қойылымдарын өткізілді.  
Оқушылар сарайының қонақтарына «Арлекино» театр үйірмесі «Алиса Жаңа жылдық ертегіде» спектаклін көрсетті. Жас театр әртістері шығармашылық шеберлік, әртістік қабілеттерін көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Олар Чударик Мысық, Қар ханшайымы, Ақшақар, Аяз Ата, айдаһар және басқа да кейіпкерлерге айналды.
Ұмытылмас жаңа жылдық мерекені «Қош келдің Жаңа жыл» қойылымымен «Амплуа» шығармашылық студиясы сыйға тартты. Барлық балалар мен ата-аналардың сүйікті ертегісі «Қар ханшайымы» атты  музыкалық қойылымды  «Арман-шоу» студиясы ұсынды.
Жаңа жылдық мерекеде ертегі кейіпкерлері балаларды сиқырлы әлемге шақырды. Балалар мерекелік шытырман оқиғаларға куәгері болып, қызықты байқауларға қатысты. Үлкен залда музыкалық нөмірлері бар қызықты жаңа жылдық қойылымды тамашалай алды, - деді Жанар Калтаева.