«МЕGА - DANCE» облыстық хореографиялық фестиваль-сайысының 1 кезеңінің өткізуі туралы ақпарат

Категория: Көркемдік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00

«МЕGА - DANCE» облыстық хореографиялық фестиваль-сайысының  1 кезеңінің өткізуі туралы  ақпарат «МЕGА - DANCE» облыстық хореографиялық фестиваль-сайысының 1 кезеңінің өткізуі туралы ақпарат

2014 ж. 11 ақпанында Оқушылар сарайының үлкен залында «МЕGА - DANCE» облыстық хореографиялық фестиваль-сайысының 1 кезеңі өтті.Ұйымдастырушы – М.М. Катаев атындағы оқушылар Сарайы. Бұл іс-шараға облысымыздың білім мекемелерінің 34 хореографиялық ұжымы қатысты.

Қазылар алқасы құрамына Павлодар облысы Білім басқармасының өкілі және қаламыздың хореограф жетекшілері мен Оқушылар сарайының жоғары санаттағы педагог-хореографтары кірді.

«МЕGА - DANCE» облыстық хореографиялық фестиваль-сайысының  1 кезеңінің өткізуі туралы  ақпарат «МЕGА - DANCE» облыстық хореографиялық фестиваль-сайысының 1 кезеңінің өткізуі туралы ақпарат

Фестиваль-сайыстың соңғы кезеңіне 12 ұжым өтті, олар:
кіші жас санаттағы қатысушылар «Халық би» номинациясы бойнша: «Астана» ансамблі (Ақсу қаласы), «Қытай» биі,
«Топ данс» ансамблі (№5 ЖОМ), «Араб» және «Қытай» билері,
«Тамшылар» тобы (№17 ЖОМ) , «Орыс» биі;
«Заманауи би» номинациясы бойынша:
«Алтын дән» тобы (№5ЖОМ), «Паучки» биі;
«Эстрадалық би» номинациясы бойынша:
«Акварель» ансамблі (№40 ЖОМ) , «Знакомая история» және «Деревенские забавы» қойылымдары.

Орта жас санаттағы қатысушылар «Халық би» номинациясында:
«Алтын дән» тобы (№5 ЖОМ), «Барыня» биі,
«Құрбылар» ансамблі (№25 ЖОМ), «Ақ желкен» биі,
«Айжан қыз» ұжымы (Ы. Алтынсарин атындағы гимназия-мектебі), «Мереке» биі;
«Эстрадалық би» номинациясында:
«Крик души» тобы (№42 ЖОМ), «Притяжение» биі.

«МЕGА - DANCE» облыстық хореографиялық фестиваль-сайысының  1 кезеңінің өткізуі туралы  ақпарат «МЕGА - DANCE» облыстық хореографиялық фестиваль-сайысының 1 кезеңінің өткізуі туралы ақпарат

Жоғары жас санаттағы қатысушылар «Халық би» номинация бойынша: «Астана» ансамблі (Ақсу қаласы), «Қазақ вальсі» биімен,
«Айжан қыз» ұжымы (Ы. Алтынсарин атындағы гимназия-мектебі), «Өзбек» биі, «Акварель» ансамблі (№40 ЖОМ), «Өзбек» биі.

Барлық қатысқан ұжымдарға «МЕGА - DANCE» фестиваль-сайысы қатысушының дипломы табысталды.

Жалпы қатысушылар саны 500 адам болды.

Іс-шараның соңғы кезеңі екінші кезеңнен кейін 2014 ж. сәуір айында өткізілмек.