![]() |
![]() |
Эстрадалық вокал студиясының «Тұмар» солисі Милана Антонова ХVI Қазақстан Республикасының Ұлттық жастар Дельфий ойындарының аймақтық іріктеу турына қатысып, керемет өнер көрсетті!
1 наурыз күні Павлодарда жас таланттар өз өнерін паш ету үшін жиналды. Милана «Эстрадалық ән» номинациясында (5-9 жас) өнер көрсетіп, терең сезімге толы «Вера» және сиқырлы әуезді «Fairytale» әндерін орындады. Оның шынайы орындаушылық шеберлігі мен таланты қазылар алқасы мен көрермендерді тәнті етіп, оған 1-орын әкелді!
Енді Милананы Республикалық кезең күтіп тұр! Біз оның Павлодар облысының намысын лайықты түрде қорғайтынына сенеміз және болашақта да жарқын жеңістерімен қуанта береді деп үміттенеміз!
Жеңісің құтты болсын, жаңа шығармашылық белестерді бағындыруыңа тілектеспіз!