Облыстық Х Дельфий ойындарының қорытындысы

Категория: Көркемдік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00

2014.05.16 02 Облыстық Х Дельфий ойындарының қорытындысы

16 мамыр күні Павлодар қаласы жастар шығармашылығы жарысының алаңына айналды. Өйткені қаламызда облыстық Х Дельфий ойындары өткізілді. Өңіріміздің әр ауданы мен қалаларынан келген дарындар түрлі номинациялар бойынша сынға түсті. Оның ішінде вокалдық өнер, хореография, көркем сөз оқу, дизайн, ұлттық аспаптарда ойнау, журналистика және т.б.
Аталмыш сайыста Оқушылар сарайының шоқтығы биік болды. Біздің шәкірттеріміздің арасынан шыққан жеңімпаздар: «Блэйз» эстрадалық үлгілі би студиясы (І орын), Сулейменова Айнагүл (І орын, «Жігер» клубы), «Вдохновение» үлгілі би ансамблі (ІІ орын), Бекбулатова Айгерім (ІІ орын, «Арман-шоу» вокалдық театр–студиясы), Баранов Стас (ІІІ орын,  «Арман-шоу» вокалдық театр–студиясы), Құлмағанбетова Гүлназ (ІІІ орын, «Қаламгер» балалар баспасөз орталығы).

2014.05.16 04 Облыстық Х Дельфий ойындарының қорытындысы

І орын иегерлері Орал қаласында өтетін республикалық Дельфий ойындарына қатысады. Біз оларға жеңіс тілейміз, облысымыздың намысын абыройлы қорғап келіңіздер!