Біз болашақ жұлдыздарды іздейміз

Категория: Көркемдік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00

Алло, мы ищем будущие звёзды Алло, мы ищем будущие звёзды

М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында «Жаңа жұлдыз - 2015» облыстық вокал шеберлігінің бірінші іріктеу туры өтті. Бұл сайыста Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары және Ақтоғай, Баянауыл, Қашыр, Ертіс және Май аудандарынан 37 оқушылар қатысты. Жас әншілердің әрқайсысы (солисттер,дуэттер, трио және вокал топтары) әділ-қазылар алқасына екі композициядан орындады. Әділ-қазылар құрамында Оқушылар сарайының келесі педагогтары болды: «Жас даурен» вокал студиясының жетекшісі Ногаева Баршагүль Қайырбайқызы, «Дебют» автор студиясының жетекшісі Қапарова Динара Зияденқызы, «Свет звезды» үлгілі ән-театр студиясының жетекшісі Валько Елена Михайловна, «Музыкальный квартал» үлгілі ән-театр студиясының жетекшісі Атлан Татьяна Ивановна, «Арман-шоу» театр-студиясының жетекшісі Жанкаринова Ғалия Серікқызы. Қазылар алқасы қатысушылардың ән шеберлігін, мәнерлігін, қатысушының жас ерекшелігінің репертуарға үйлесімділігін, сахналық бейнесін, әртістік қабілеті, репертуардың күрделігі мен әртүрлілігін аса бағалады.

Кіші жастағы (9-дан 12 жасқа дейінгі) іріктеу тобына: Мұхтарова Диана (Екібастұз қаласы), Сейсенбаев Олжас, Едігенова Махаббат, Жақсыбек Нурайым (Екібастұз қаласы), Овсепян Сюзанна (Екібастұз қаласы.), Тарасенко Александра (Баянаул ауданы), Байков Владислав (Екібастұз қаласы), Маулит Мұхаметғали (Баянаул ауданы), Абельдина Карина (Баянаул ауданы), Терлікбаева Алуа (Павлодар қаласы), Сүлейменова Альвина Павлодар қаласынан өтті.

Орта жастағы (13-тен 15 жасқа дейінгі) іріктеу тобына: Ақтоғай ауданының «Әдемай» триосы, Қанапиянова Жәмилә (Ертіс ауданы), Мустафина Дана (Екібастұз қаласы), Ақанова Инабат (Ақтоғай ауданы), Бораш Арай (Ақтоғай ауданы), Хайдаров Бекслан (Ертіс ауданы), Жылқышхан Майра (Екібастұз ауданы), Кенжебек Дана (Баянауыл ауданы), Қабен Қымбат (Баянауыл ауданы), Асқарова Ақберген және Болақбаева Аяна - дуэті (Ақсу қаласы)

Жоғарғы жастағы (16 дан 18 жасқа дейін) іріктеу тобына: Тристан Евгений (Павлодар қ.), Ерланқызы Надира (Екібастұз қ.) өтті.

30 наурыз күні өтетін сайыстың финалына тыңдалымның қортындысы бойынша 26 сайыскер өтті.