«Жаңа жұлдыз -2015» вокал шеберлігінің облыстық конкурсы аяқталды. 30-шы наурыз күні М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында жеңімпаздарды салтанатты марапаттау, гала-концерт пен финалдық туры өтті.
Бұл конкурсқа мектептен тыс ұйымдардың тәрбиеленушілері, облыстың жалпы білім беру мектептерінің оқушылары, қалалық және аудандық вокал конкурс жеңімпаздары қатысты. Олар мына номинациялар бойынша бәйгеге түсті: солисттер, дуэттер, триолар, вокалдық ансамбльдер. Кіші жас санатындағы топтарға 9-дан 12 жастағы балалар, ал орта жас санатындағы топтарға 13-тен 15 жастағы балалар кірді. Әр қатысушы екі әннен ұсынды.
Конкурстың финалында Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларынан, Ақтоғай, Баянауыл, Қашыр, Ертіс, Екібастұз, Май аудандарынан мектеп оқушылары қатысты, барлығы - 26 адам. Жас конкурсанттар әртістік қабілеттері мен орындау шеберліктерімен қоса, репертуардың күрделігі мен әртүрлілігін көрсету керек болды. Қазылар алқасының құрамында павлодарлық атақты музыканттар, продюсерлер, вокал пәнінің педагогтары болды.
Жеңімпаз атанғандар:
Гран-при: Владислав Байков, Екібастұз қ.
1 орын: Алуа Терлікбаева, Павлодар қ;
Дуэт: Ақберген Асқарова, Аяна Болақбаева,Аксу қ;
Жамиля Канапьянова, Ертіс ауданы;
2 орын: Сюзанна Овсепян, Екібастұз қ;
Александра Тарасенко, Баянауыл ауданы;
Дана Мустафина, Екібастұз қ.
3 орын:
1. «Smile» триосы: Милана Кива, Ульяна Товмач, Архип Пархоменко, Аксу қ;
2. Нұрайым Жақсыбек , Екібастұз қ;
3. Альвина Сүлейменова, Павлодар қ;
4. Дана Кенжебек, Баянауыл ауданы;
5. Арай Бораш, Ақтоғай ауданы;
6. Инабат Ақанова, Ақтоғай ауданы.
Үздік әскери әнге:
Дана Кенжебек, «Вальс Победы» әні, Баянауыл ауданы.
Үздік костюмге: «Достар» триосы, Екібастұз қ.
Көрермендер көзайымы сыйлығы: Мұқаметғали Маулит, Баянауыл ауданы
«Белсенді қатысқаны үшін» диплом:
1. Кымбат Қабен, Баянауыл ауданы;
2. «Әдемі-ай» триосы, Ақтоғай ауданы;
3. Бекслан Хайдаров, Ертіс ауданы;
4. Майра Жылхышхан, Екібастұз ауданы.
Барлық жеңімпаздар диплом мен сыйлықтарға ие болды, ал ең басты жүлде гран-при мамыр айында өтетін Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұрпақтардың мәңгілік естелігі» атты гала-фестивалінде салтанатты түрде кейін табысталады.