«Біз Жеңістің - ұрпағымыз!». Финал

Категория: Көркемдік бөлімі
Жарияланды: 22.04.2015 12:27

2015.04.22 01 «Мы - наследники Победы!». Финал

22 сәуір күні М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар  сарайында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70-жылдығына арналған «Біз Жеңістің - ұрпағымыз!» атты  сахыналық әскери әндерінің  облыстық конкурсының финалы өтті.

Финалда павлодарлық №22, 27, 40, 5, 4-ші жалпы орта білім беру мектептерінің командалары мен Май ауданының Оқушылар үйінің тәрбиеленушілері өнер көрсетті.

«Мы - наследники Победы!». Финал «Мы - наследники Победы!». Финал

Қазылар алқасы құрамында: «Жас даурен» вокал студиясының концертмейстері  Черникова Татьяна Владимировна, Оқушылар сарайының педагог-ұйымдастырушысы Ешимкулов Жақсыбек Махамагшкулович, және «Арман-шоу» театр-студиясының вокал бойынша педагогы Бекболатова Әйгерім Сакенқызы болды. Жас орындаушылардың шеберлігі келесі көрсеткіштер бойынша бағаланды: актерлік шеберлік – мәнерлілік пен эмоционалдық сахналық қойылым; вокалдық шеберлік - сапасы, орындаудың реттілігі және сахналық іс-әрекет; бұқаралалық– орындаудың түпнұсқалығы,  ән мазмұнының негізгі ойын жеткізе білу және сипатын айқындау; сценография – мәдениет және сахналық образ, сахналық костюмдерді және реквизиттерді пайдалану, тақырып пен регламентке сәйкес болу. Конкурстың қатысушылары әскери тақырыпқа арналған бір ән орындады.

«Мы - наследники Победы!». Финал «Мы - наследники Победы!». Финал

Қазылар алқасының шешімі бойынша I орынды №40 мектебінің командасы иеленді, II орынды №27 мектептің командасы иеленді, III орынды №4 мектептің командасы мен Май ауданының Оқушылар үйі бөліп алды. Жеңімпаз командалар дипломдар мен кубоктармен марапатталды. «Біз Жеңістің - ұрпағымыз!» атты  сахыналық әскери әндерінің  облыстық байқау-конкурсына белсенді қатысқан №№22 және 5 мектептердің командалары мадақтамалармен  марапатталды.

«Мы - наследники Победы!». Финал «Мы - наследники Победы!». Финал