Жаз неден басталады

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 02.06.2016 15:04
С чего начинается лето С чего начинается лето
С чего начинается лето С чего начинается лето

1 маусым күні павлодарлық жасөспірімдер М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында саяжолда серуендеп, жазғы бет әрлеумен айналысып,  флеш-моб билеп, ептілік жарыстарға қатысты. Бұл жерде Халықаралық балаларды қорғау күнінде мерекелік концерт және сауықтыру бағдарламасы болды.   

С чего начинается лето С чего начинается лето
С чего начинается лето С чего начинается лето

Жарқын шоу ерлік жасаған балаларды салтанатты марапаттаумен басталады. Бұл әдемі мереке Оқушылар сарайының үлкен залында батырлардың шеруімен ашылды. Кішкентай жарқын әртістер, «Бүлдіршін» облыстық фестивалінің жеңімпаздары ән айтып, би билеп мерекені жалғастырыды.  

Мереке қонақтарын  би флеш-мобы, әдеби және спорттық жарыстар, скауттық және ұлттық ойындар, сурет сайыстары күтті. Ал Оқушылар сарайының экологиялық зертханасында балалар жануарларды қолға ұстап, тамақ беріп, тамаша көңіл-күйге бөленді. Балалар бір сәтке болсын өздерін тілшілер, суретшілер мен сәнгерлер болуға мүмкіндіктері болды.

Осындай фестиваль арқылы М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында жазғы демалу маусымы ашық деп жарияланады.  «Шуақты жаз – Радужное лето» атты жазғы экспрестің жұмысы 2 маусымнан 8 шілдеге дейін жүргізіледі.