Семинар пікірлес адамдарды жинады

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 14.11.2016 12:01
Семинар собрал единомышленников Семинар собрал единомышленников
Семинар собрал единомышленников Семинар собрал единомышленников

2016 жылдың 10 қараша күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Қосымша білім беру - жасөспірімдер мен балалардың мәдени тұлғаны дамытуға арналған оқу-білім беру кеңістігі» атты тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық семинар өткізілді. Семинарға облыстық қалалық және аудандық қосымша білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен шығармашылық бірлестігінің өкілдері қатысты.

Семинардың пленарлық бөлімінде Павлодар мемлекеттік педагогика институты және Павлодар облыстық «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті көтеру орталығы филиалының педагогика ғылымдарының кандидаттары сөз сөйледі.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты кәсіби білім беру теория мен әдістеме кафедрасының меңгерушісі Фарида Курабаева, қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының аудандарында балаларды инновациялық әлеуметтік білім беру тақырыбын баяндамасын тарқатты. «Өрлеу» біліктілікті көтеру орталығының мұғалімдерге кәсіби білім беру психология-педагогикалық кафедрасының доценті Баглангуль Каримова, білім беру жүйесінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын іске асырудың басты кезеңдеріне тоқталып кетті.

ПМПИ-ның психология кафедрасының доценті, Отбасылық кеңес беру психологиялық орталығының директоры Зару Кульшарипова «Қосымша білім берудегі кинезиология» тақырыбында сөз алды. Семинардың тәжірибелік бөлімінде әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық, экологиялық, бейнелеу өнері, сән-қолданбалы, вокал және би бағыттары бойынша 11 шеберлік-сабақтар ұйымдастырылды. Шеберлік-сабақтарды ПМПИ-ның ұстаздары, Оқушылар сарайының педагогтары және мектеп психологтары өткізді.

Қортынды бөлімінде сертификаттар табыс етілді. Семинардың әрбір қатысушысы электрондық нұсқада әдістемелік материалдарға ие болды.