![]() |
![]() |
М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайы «Профи-TAIM» облыстық конкурсының қатысушыларына С.Торағыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне экскурсия өткізді.
«Профи-TAIM» конкурсының бірінші кезеңінің жеңімпаздары Қашыр ауданы Байқоныс мектебінің оқушылары экскурссиядан алған әсерлерімен бөлісті: «Бізге агротехнологиялық факультеті оқытушыларының лекциясы өте ұнады, есімізде қалды. Қала мен ауыл үшін қажетті мамандықтар туралы көп ақпарат алдық...
Біз Оқушылар сарайының басшыларына, іс-шараның ұйымдастырушыларына, сонымен қатар Оразбаева Айжан Жұмағұлқызына алғысымыз шексіз».