Оқушыларға қауіпсіздік тәртібі формалары туралы ақпар берілді

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 27.01.2017 14:32
Школьникам рассказали о формах безопасного поведения Школьникам рассказали о формах безопасного поведения
Школьникам рассказали о формах безопасного поведения Школьникам рассказали о формах безопасного поведения

Павлодар қаласының  4 педагогы және 76 оқушы үшін 25 қаңтар күні «Өмір жолының қауіпін жеңу» атты тақырыпта Балалар қоғамдық қабылдауы өтті. Іс-шараға Павлодар облыстық  ЖИТС-тің алдын алу және күресу жөніңдегі орталығының мамандары қатысты. Жасөспірімдерге нашақорлыққа тәуелді болатын қызықты әрі танымдық бейнероликтер мен танымдық бағдарламалар дайындалды.

Қабылдауға келген қонақтар бейәлеуметтік ортада қауіпсіз мінез-құлық үлгілерінің түрлері туралы білді. Оқушылар ЖИТБ-тің алдын-алу, жұқпалы аурудың жолдары жайлы викторинаға белсене қатысты.   Бағдарламаның бір бөлігі «ЖИТБ-тің» инфекциясын жұқтырған адамдармен мінез-құлық және қарым-қатынас моделін құру арқылы «Менің әлемім» атты ақпараттық ойын болды.

Бұл ойынды Оқушылар сарайының психологы Марина Коржова өткізді. Балалар қоғамдық қабылдауының соныңда «Салауатты өмір салтын қолдаймыз!» және «АИТВ-ЖИТС» жұқпалы аурулары жайлы ақпараттық буклеттер таратылып, осы өзекті мәселемен айналысатын мекемелердің сенім телефондары және мекен-жайлары берілді.