Жаз мезгілі тамаша!

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 02.06.2017 20:51
Хорошо, когда лето Хорошо, когда лето
Хорошо, когда лето Хорошо, когда лето

Оқушылар сарайында «Шуақты жаз – Радужное лето» жазғы экспресс лагерьінде болған әрбір оқушы үшін жазғы демалыс көңілді басталып кетті. 2 маусым күні Оқушылар сарайының үлкен залында «Қош келдің, жаз!» атты концерттік  бағдарлама ұйымдастырылады. Бұл жерде әрбір жеткіншек үшін сән әлемінде, спорттық байқаулар, қолданбалы сән өнерінде де керемет қызықты алаңдар дайындалды. Бұл жерде балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін шыңдай алады.

Хорошо, когда лето Хорошо, когда лето
Хорошо, когда лето Хорошо, когда лето

Қала және облысымыздың мектепалды және бейіндік лагерьлері үшін «Шуақты жаз – Радужное лето» жазғы экспресінің бағдарламасы өте қызықты болып жоспарлануда. Лагерьдің бірінші күнінен бастап оқушылар «Әдемі-ай», «Техноград», «Арт-әлемі», «Алтыбақан» атты қызықты алаңдарға барды. Ал Оқушылар сарайы балалар бұқаралық қозғалысы бөлімінің бастамасымен қала мектептеріндегі бейіндік лагерь оқушылары үшін арнайы бағдарлама қарастырылды. Бұл жерде оқушылар жас тілшілер, құқықтанушылар, сонымен қатар өлкетанушылар бола алды.

Шығармашылық алаңдарды дайындаған әрбір педагогтар әр түрлі формада оқушылар үшін жұмыс түрлерін қарастырды. Балалар сурет салып, би билеп, ұлттық аспаптарды шертіп, ән айтып, танымдық ойындар ойнады. «Балалар әлемі 2017» жазғы бағдарламасының шығармашылық алаңдарында 2 маусым күні 428 оқушы қатысты. Көшбасшылар белсенді мектебінің қатысушылары болып 111 бала болды.

Оқушылар сарайында «Шуақты жаз – Радужное лето» экспрессінің бағдарламасы осымен төртінші жыл іске асырылып келеді. Қала және облыс мектептерінің оқушылары шығармашылықпен, сүйікті істерімен айналысу үшін бұл жерге келуге асық болады.

«Жаз демалысының күнтізбесі» атты келесі мақалаларымызда балалардың Оқушылар сарайында қалай жазғы демалыстарын өткізіп жатқандары туралы оқи аласыздар.